Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу үшін 2008 жылға біржолғы талондардың бағасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2008 жылғы 27 маусымдағы N 4/5 шешімі. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 23 шілдеде N 1-15-112 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 наурыздағы № 4/11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2009.03.30 № 4/11 шешімімен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 369 бабының 2 тармағына, 372, 373 баптарына сәйкес Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу үшін 2008 жылға біржолғы талондар бағасы № 1, № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Қ.Жұмабаев

      Мәслихаттың хатшысы                        Ө.Балғабаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қорғалжын ауданының
      әкімі                                      С.Қасенов

      Қорғалжын ауданы
      бойынша салық комитетінің
      төрағасы                                   Т.Ахметуллин

Қорғалжын
аудандық мәслихатының
2008ж. 27.06 № 4/5 шешіміне
№ 1 қосымша

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу үшін бір жолғы талондар бағасын бекіту туралы


р/с

Қызмет түрлерінің атауы

Бір күнге бір жолғы талондар бағасы, теңге есебімен

1

Жүзеге асыру (стационарлық үй-жайларда жүргізілетін қызметтерден басқа):
1. Газеттер мен журналдар
2. Тұқымдар, сондай-ақ отырғызатын материалдар (ағаш, жемістер)
3. Бау-бақша өсімдіктері
4. Саяжайларда, үй маңында өсірілген гүлдер
5. Жеке меншік ауылшаруашылық, бақша, саяжай өнімдері


 
 
150
120
200
 
120
250

2

Жер учаскелерін өндеу жөнінде жеке меншік трактор иелерінің қызметі

170

3

жеке меншік жеңіл және жүк таситын автокөлік иелерінің жолаушылар тасымалдау, жүк тасу жөніндегі көрсететін қызметтері  лицензияланған тасымалдаудан басқа):
1. Жеке меншік автокөлікпен жолаушылар тасымалдау
2. Жүк тасу
3. Көмір тасу
4. Шөп тасу
5. Сабан тасу
6. Кебек тасу


 
 
 
 
 
 
600
600
900
600
300
600

Қорғалжын
аудандық мәслихатының
2008ж. 27.06 № 4/5 шешіміне
№ 2 қосымша

Қорғалжын аудандық базарында заттар сату жөніндегі бір жолғы талондар бағасы (базар аумағындағы келісім-шарт бойынша жалға алынған үй-жайлардан басқа)


р/с

Заттардың және сауда-саттық қызметі түрлері бойынша жалға жұмыс пен қызметтердің атауы

Бір күнге берілетін бір жолғы талондар бағасы, теңге есебімен

1

Ет

450

2

Балық

130

3

Сүт өнімдері

100

4

Жеміс-жидектер, көкеніс

150

5

Кондитерлік заттар

300

6

Тағамдар

150

7

Бас киімдер
а) теріден жасалған құлақшындар
б) тері және жасанды тері құлақшындар

180
150

8

Тері-жүн бұйымдары

270

9

Киімдер

200

10

Аяқ киім

200

11

Құрылыс материалдары

250

12

Балалар ойыншықтары

150

13

Шұлықтар

150

14

Кір жуатын заттар

150

15

Шаруашылық заттары

150

16

Қосалқы бөлшектер

450

17

Бұрын қолданған қосалқы бөлшектер

250

18

Әтірлер, әшекей бұйымдар

150

19

Кеңсе заттары

120

20

Электр заттары

180

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады