"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармағына сәйкес Сабынды селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Сабынды ауылындағы "Заготзерно-рабкооп-автобаза" аумағына жергілікті тұрғындардың пікірін ескере отырып, Қалқабек Шымырұлының аты беріліп, "Қалқабек Шымырұлы шағын ауданы" деп аталсын.
2. Сабынды ауылындағы "Заготзерно-рабкооп-автобаза" аумағына Қалқабек Шымырұлының аты берілуіне байланысты көше көрсеткіштері өзгертілсін.
3. Осы шешім Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Сабынды
ауылдық округінің
әкімі Р.Әділханов