Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2012.08.06 № А-8/289 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасының, 16 бабының, 29 бабының 6, 7 тармақтарының негізінде, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сандықтау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № А-1/3 «Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмектін қосымша түрін көрсету туралы» (нормативтік құқық актілерін мемлекеттік тіркеудін Аймақтық тізілімінде № 1-16-70 тіркелген, «Сандыктауские вести» газетінде 2008 жылдың 18 ақпанында № 13 (7675) жарияланған) қаулысына, Сандықтау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі № А-4/59 «Сандықтау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № А-1/3 «Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмектін қосымша түрін көрсету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқық актілерін мемлекеттік тіркеудін Аймақтық тізілімінде № 1-16-73 тіркелген, «Сандыктауские вести» газетінде 2008 жылдың 30 сәуірінде № 34 (7700) жарияланған) қаулысына, келесі өзгеріс енгізілсін:
2 тармақта:
үшінші қайырма келесі редакцияда жазылсын:
«әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғалар, «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттардың тізбесін тапсырады:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) 16 жасқа толмаған мүгедек баланың туу туралы куәлігі;
3) 16-дан 18 жастағы мүгедек балалардың жеке куәлігі;
4) тұрғылықты жері мен отбасы құрамын растайтын құжат;
5) медициналық - әлеуметтік сараптама комиссиясының мүгедектікті анықтау туралы анықтамасы;
6) мүгедек баланы үйде оқыту және тәрбиелеу қажеттілігі туралы психологиялық – педогогикалық консультацияның қорытындысы;
7) мүгедек баланың ата-анасының, ұл баланы асыраушысының (қыз баланы асыраушысының), қамқоршысының, қорғаншысының жеке басын куәландыратын құжат;».
2. Осы қаулы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының әкімі Ө.Мұсабаев
КЕЛІСІЛДІ
«Сандықтау ауданының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Н.А.Муращиди