Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 12 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33,37 баптарына, Қазақстан Республикасындағы 2006 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы «Қазақстан Республикасындағы әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» қаулысына сәйкес азаматтарды әскери есепке алу, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін, білімдік деңгейін, алған мамандығын және дайындығының деңгейін анықтау мақсатында Целиноград ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. «Целиноград ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-ММ) әскерге шақыру учаскісіне 1992 жылы туған тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтар шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын азаматтарды 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркеуін ұйымдастырсын және жүргізілсін.
2. «Целиноград ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ бастығына (Мәденов Р.Ш.) (келісім бойынша) тіркеуге жататын азаматтардың шақыры луын жүргізсін.
3. Аудандық мемлекеттік коммуналдық қазынылық кәсіпорынның «Целиноград ауданы емхананың» бас дәрігері (Юрьева И.В.) (келісім бойынша): ауданның әскерге шақыру комиссиясына әскер жасына дейінгілерді медициналық куәландырудан жүргізуге қажетті дәрігер-мамандарын және орта медициналық персонал санын бөлсін.
4. Ауылдық округ әкімдеріне, меншік нысанына байланысты емес кәсіпорын, мекеме, ұйымдар, ауданның оқу орындарының басшылары (келісім бойынша):
1) әскер жасына дейінгілерді әскери есепке тіркеуге жататын азаматтарды шақыру пунктісіне келулеріне байланысты міндеттерін атқаруға қажетті оқу және жұмыстан босатсын және әскерге шақыру учаскісіне азаматтардың келулері қамтамасыз етсін;
2) тіркеуге жататын азаматтарды хабардан ету, «Целиноград ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ олардың шақырылуы және сол шақыру бойынша уақытылы келуін қамтамасыз етсін;
5. «Целиноград аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (Ә. Б. Ыбраеваға) 2009 жылға бекітілген аудандық бюджетке сәйкес, азаматтардың тіркеуін жүргізуге ақша қаражаттарының бөлінуін қарастырсын.
6. «Целиноград аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (А. А. Әшіров) азаматтарды тіркеу бойынша комиссия жұмысы кезіне шақыру учаскісін техникалық жұмыскерлермен қамтамасыз етсін.
7. «Целиноград аудандық ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы (А. Қ. Ғали) (келісім бойынша)
1) әскери міндетті орындаудан бас тартып жүрген, тұлғаларды іздестіру және ұсталуын жүргізсін;
2) шақыру учаскісіне азаматтарды тіркеуде, шақыру учаскісіне тіркеу кезіне қызметкерді бөліп, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б. А. Жанбаевқа жүктелсін.
9. Осы шешім Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеу күнінен күшіне еніп және аудандық «Призыв», «Ұран» газеттерінде ресми жарияланған күннен бастап әрекетіне енеді.
Аудан әкімі М. Мыңжанов
КЕЛІСІЛДІ:
«Целиноград аудандық қорғаныс
істер жөніндегі бөлім» ММ бастығы Р. Мәденов.
«Целиноград аудандық емханасы»
МКҚКбас дәрігері В.Юрьева
«Целиноград аудандық ішкі істер
бөлімінің» ММ бастығы А.Ғали