Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011.10.21 № С-38/3 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулысына сәйкес Щучье аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Щучье аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 3 шілдедегі № С-7/7 «Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерге төлемақы жасау үшін әл-ауқаты төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй және телефон абоненттерінің байланысына жәрдемақы беру» Ережелерін бекіту туралы» (Аймақтық Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 1-19-130, 2008 жылғы 28 тамыздағы № 38 аудандық «Бурабай» газетінде, 2008 жылғы 25 тамыздағы № 68 аудандық «Луч», газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістері мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе сөзбсындағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы 2006-2008 жылдарына арналған тұрғын үй-коммуналдық саласын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына» сөздері алып тасталсын, «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» сөздерінен кейін «Қазақстан Республикасының № 3.02-01-2001 «Тұрғын ғимараттар» Құрылыстық нормалары және ережелеріне сәйкес» сөздерімен толықтырылсын;
1 тараудың 2 тармағындағы «жеке меншік үйде» сөздері «биіктігі екі қабаттан аспайтын үйге» сөздеріне ауыстырылсын;
3 тараудың 22 тармағындағы «тұрғындар үшін» сөздерінен кейін «айына» сөзімен толықтырылсын;
4 тараудың 24, 25, 27, 28, 29 тармақтарындағы,6 тараудың 36 тармағындағы «жеке меншік», «жеке меншіктегі» сөздері алып тасталсын;
4 тараудың 25 тармағындағы «5 (бес) тоннадан аспау керек» сөздері «3 (үш) тоннадан аспау керек» сөздеріне ауыстырылсын;
3. Осы шешім Ақмола облысы Щучье аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
Х сессиясының
төрағасы Р. Махаев
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г. Марченко
«КЕЛІСІЛДІ»:
Щучье ауданының әкімі В.Балахонцев
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы М. Нұрпанова
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бастығы Г. Тінәлинова
Қаржы бөлімінің бастығы В.Корнеева