Ақтөбе қаласының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін және телефонға абоненттік ақы тарифтерінің өсуіне байланысты шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй көмегін беру қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы N 56 шешімі. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 21 сәуірде N 3-1-85 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 27 қазандағы № 198 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.10.27 № 198 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 және 7 баптарына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94 Заңының 97 бабының 2 тармағына, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 Заңының 34 бабының 4 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 қаулысымен бекітілген "Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу" Ережесінің 2 тармағының негізінде Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақтөбе қаласының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін және телефонға абоненттік ақы тарифтерінің өсуіне байланысты шығындарды өтеуге арналған тұрғын - үй көмегін берудің ұсынылған Қағидасы бекітілсін.

      2. Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының 2002 жылғы 29 қарашадағы N 162 "Ақтөбе қаласының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй жәрдемін беру тәртібі туралы" (Ақтөбе облыстық әділет басқармасында 2002 жылғы 25 желтоқсандағы N 1907 санымен тіркелген), Ақтөбе қалалық мәслихатының екінші сессиясының 2003 жылғы 17 қазандағы N 14 "Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының 2002 жылғы 29 қарашадағы N 162 шешімімен бекітілген "Ақтөбе қаласының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй жәрдемін беру тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Ақтөбе облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 27 қарашадағы N 2463 санымен тіркелген), Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 63 "Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының 2002 жылғы 29 қарашадағы N 162 "Ақтөбе қаласының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй жәрдемін беру тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 26 шілдедегі N 2868 санымен тіркелген), Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті он екінші сессиясының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 83 "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2002 жылғы 29 қарашадағы N 162 "Ақтөбе қаласының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй жәрдемін беру тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 14 қазандағы N 2935 санымен тіркелген), Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясының 2004 жылғы 12 қарашадағы N 87 "Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының 2002 жылғы 29 қарашадағы N 162 "Ақтөбе қаласының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй жәрдемін беру тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 3000 санымен тіркелген), Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясының 2005 жылғы 6 маусымдағы N 144 "Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының 2002 жылғы 29 қарашадағы N 162 "Ақтөбе қаласының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй жәрдемін беру тәртібі туралы" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2005 жылғы 27 маусымдағы N 3-1-11 санымен тіркелген), Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясының 2005 жылғы 31 тамыздағы N 163 "Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының 2002 жылғы 29 қарашадағы N 162 "Ақтөбе қаласының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй жәрдемін беру тәртібі туралы" шешіміне өзгерту енгізу туралы" (Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2005 жылғы 16 қыркүйектегі N 3-1-20 санымен тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақтөбе қалалық мәслихатының
кезекті бесінші сессиясының
2008 жылғы 28 наурыздағы
N 56 шешіміне қосымша 

Ақтөбе қаласының тұрғындарына коммуналдық
қызметтерді тұтынғаны үшін және телефонға абоненттік төлемақы
тарифтерінің өсуіне байланысты шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй көмегін беру
Қағидасы

1. Жалпы ережелер

      Осы Қағида "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94 Заңының 97 бабының 2 тармағына, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 Заңының 34 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 қаулысымен бекітілген "Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу" Ережесінің 2 тармағына сәйкес әзірленіп және қалалық бюджет қаржысы есебінен көрсетілетін тұрғын үй көмегін беру тәртібін белгілейді.

      1. Осы Қағидада мынадай түсініктер пайдаланылады:

      1) тұрғын үй көмегі - тұтынған коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және байланыс қызметі (абоненттік ақы) жөніндегі шығындарды өтеу үшін Ақтөбе қаласының тұрғындарына берілетін көмек және ол тұрғындарды әлеуметтік қорғау түрлерінің бірі болып табылады;

      2) телефонға абоненттік тарифтерінің арту өтемақысы - 2004 жылдың қыркүйек айының жағдайы бойынша құрылған тарифтерінің және қолданыстағы тарифтер аралығындағы айырмашылықты белгілейтін және телефонға абоненттік ақы тарифтерінің өсуіне байланысты шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін ақшалай өтемақы;

      3) өтініш иесі (жеке тұлға) - жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жолыққан адам;

      4) жиынтық кіріс - тұрғын үй көмегін тағайындау құқығын анықтау кезінде ескерілетін кіріс (салықтық және зейнетақылық шегерілімдерді алып тастағанда) түрлерінің сомасы;

      5) өкілетті орган - тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

      2. Тұрғын үй көмегі егер өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй ауданының белгіленген нормасы шегінде, бірақ іс жүзінде алып отырған ауданнан және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінен көп емес коммуналдық қызметтерді (орталық жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық-суық сумен жабдықтау, канализация, тамақ дайындағаны үшін газды, электрмен жабдықтау, қоқыс жинау және техникалық қызмет көрсету) және байланыс қызметін тұтынғаны үшін шығындар осы мақсаттарға арналған шекті мүмкін шығындар үлесінен артық жағдайда Ақтөбе қаласында тұрақты тұратын және тіркелінген және меншік түріне қарамастан тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушы (жалға беруші) болып табылатын жеке тұлғаларға беріледі. Коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметін тұтынғанына ақы төлеуге арналған шекті мүмкін шығындар үлесі отбасының жиынтық кірісінің 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      3. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесіне, жалдаушыға (жалға берушіге) есептелген сомамен салыстыру бойынша коммуналдық қызметтерді (орталық жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық-суық сумен жабдықтау, канализация, тамақ дайындағаны үшін газды) тұтынғаны үшін төлемақыны азайту ретінде қолма-қол емес түрде беріледі. Коммуналдық қызмет және байланыс қызметін белгіленген нормадан артық тұтыну төлемі жалпы негізде жүзеге асырылады.

      4. Жылыту және техникалық қызметтер бойынша әлеуметтік норманы есептеу кезінде барлық меншік түріндегі тұрғын жайларда әлеуметтік норма бір адамға 18 шаршы метр (жалғыз тұратын азаматтар үшін 30 шар.м.) пайдалы ауданы қолданылады, бірақ тұрғын жайдың іс жүзінде алып отырған пайдалы алаңынан артық болмауы тиіс.

      5. Коммуналдық қызметтерді есептейтін құралдары бар тұтынушылардың әлеуметтік нормасын есептеу кезінде есептегіштер көрсеткіштеріндегі нақты шығындар, бірақ белгіленген тарифтер мен нормативтерден артық емес қолданылады.

      6. Тұрғын үй көмегі тағайындалмайды:

      1) Еңбек етуге қабілетті жұмыс жасамайтын және жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркеуге тұрмаған отбасы мүшелеріне.
      Бір айдан артық стационарлық емделуде болған, туберкулезбен науқас, онкологиялық және психологиялық науқасы бар азаматтар, емдеу мекемелерінде тұрақты есепте тұрғандар уақытша еңбек етуге қабілетсіздігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы барлар, үш жасқа дейінгі бала және бірінші топ мүгедегі мен 16 жасқа дейінгі бала жасынан мүгедектер балалар күтімімен отырғандар, кіші баласы 7 жасқа толмаған екі бала және одан көп баланы тәрбиелеушілер, оқушылар мен студенттер, күндізгі оқу бөлімінің курсанттарына қоса магистратура, аспирантурада оқитындар бұған кірмейді.

      2) жеке меншігінде, егер пайдалы ауданы тұрғын үй бірлігіндегі отбасының 1 мүшесіне есептегенде 15 шар.м. аспайтынын есептемегенде бір бірліктен артық тұрғын жайы (пәтерлері, үйлері) бар тұлғаларға;

      3) тұрғын жайларды жалға (жалдауға) немесе қайта жалға беретін тұлғаларға.

      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау мәселелерінде келіспеушілік туындаған жағдайда мәселені шешуді қала әкімдігінің қаулысымен бекітілетін Ақтөбе қаласының аз қамтылған азаматтарын тексеру және есепке алу жөніндегі қалалық учаскелік комиссия қарайды.

      8. Тұрғын үй көмегін алушылар өзінің тұрғын жайының меншік түрінің, отбасы құрамындағы және оның жиынтық кірісіндегі кез-келген өзгерістер, көмекті дұрыс есептемеген жағдайлар туралы өкілетті органға 10 күн ішінде ақпарат береді.

      9. Тұрғын үй көмегі түрінде алынған заңсыз сома заңда белгіленген тәртіппен бюджетке қайтарылады.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау

     10. Тұрғын үй көмегін тағайындау оны алу үшін жолыққан күннен бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейінгі мерзімде жүргізіледі. Жолығу айы деп қоса берілетін құжаттармен бірге өтініш тапсырған ай есептелінеді. Ағымдағы айға құжаттар қабылдау 25-і күні аяқталады.

     11. Тұрғын үй көмегі отбасы құрамы, іс жүзінде тұрғын жайдың алып отырған пайдалы ауданының көлемі, отбасының жиынтық кірісі, коммуналдық қызметтерді (орталық жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық-суық сумен жабдықтау, канализация, тамақ дайындағаны үшін газды, электрмен жабдықтау, қоқыс жинау және техникалық қызмет көрсету) және телефонға абоненттік ақысының өсу айырмашылығы көрсетілетін меншік иесінің, жалдаушының (жалға алушының) сауалнама - өтініші негізінде тағайындалады.

     12. Сауалнама-өтінішке енгізілген мәліметтер тұрғын үй көмегін есептеу үшін негіздеме болып табылады.

     13. Азаматтардың кірісі жөніндегі мәліметтерді қалалық қызметтер, бөлімдер, ұйымдар, тізімдер немесе электронды тасығыштардағы ақпараттар түріндегі тиісті төлемдерді аударатын және есептейтін жетекшілер тоқсан басында бір рет растайды.

     14. Еңбек қызметінен түскен табыс отбасының жиынтық кірісі есебінде жұмыс орнынан еңбекақы туралы берілген мәліметтерге сәйкес (салықтық және зейнетақылық шегерілімдерді алып тастағанда) төлеуге арналған сома мөлшерінде есептеледі.

     15. Отбасының жиынтық кірісін анықтау кезінде атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегінен, бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақыдан және жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақыдан басқа арыз берген алдыңғы тоқсан ішінде алынған ақшалай немесе заттай түріндегі барлық кіріс түрлері есептеледі.

     16. Өткен тоқсан ішіндегі отбасының жиынтық кірісіне есептелінетін жеке қосалқы шаруашылықтан (оның ішінде үй малынан, үй маңындағы учаскеден, бақшадан, саяжай учаскесінен) түскен кіріс мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қабылданады.

     17. Коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметіне тарифтер өзгерген жағдайда бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегіне ағымдағы тоқсанда қайта есептеу жүргізіледі.

     18. Тұрғын үй көмегінің мөлшері өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегіндегі коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін меншік иесінің, жалға алушының (жалдаушының) шын мәніндегі төлемі мен сол отбасының осы мақсаттарға шығындарының шекті мүмкін деңгейі арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі және шын мәніндегі сомадан артуы мүмкін емес.

     19. Берілген сауалнама - өтінішті қарау нәтижелері бойынша екі данада белгіленген үлгідегі келісім - шарт жасалынады, оның біреуі меншік иесінде, жалға алушыда (жалдаушыда), ал екіншісі - өкілетті органда сақталынады.

     20. Аталған келісім - шарт тұрғын үй көмегін ұсыну үшін негіз болады. Келісім - шартты оның көшірмесін алғаннан кейін деректер базасына енгізу үшін коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге он күндік мерзімде ұсыну қажет. Белгіленген мерзімде келісім - шарт ұсынылмаса, шартта көрсетілген сома есепке алынбайды.

     21. Ақпаратқа сенімсіздік туындаған жағдайда өкілетті орган:

      1) өтініш иесінің тұрғын үй жағдайына тексеріс жүргізеді;

      2) тиісті ұйымдардан кірістер туралы ақпарат сұратады;

      3) кірістерді жасыру фактілерін тексеру туралы салық қызметіне жолығады.

     22. Заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін алуға үміткер адамның кірістері туралы ақпарат ұсынады.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін
азаматтардың арыздану тәртібі

     23. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер тоқсан сайын өкілетті органға тұрғын үй көмегін тағайындау туралы арызын келесі құжаттармен бірге ұсынады:

      1) тұрғын үй туралы құжаттар (алғаш рет жолыққандар үшін);

      2) өткен тоқсан ішіндегі отбасының жиынтық кірістерін куәландыратын құжаттар (еңбекақы, зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақы, алимент, стипендия, жеке еңбек қызметімен айналысудан түскен кірістер және басқа да кірістер туралы);

      3) отбасы құрамы туралы мәлімет (үй кітабының көшірмесі), ол болмаған жағдайда мекен-жай бюросынан анықтама;

      4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (алғаш жолыққандар үшін);

      5) коммуналдық қызметтерді төлеудегі шын мәніндегі шығындарды куәландыратын, жолыққан айдағы қолданыстағы тарифтерді көрсете отырып, есеп айырысу кітапшасы мен түбіртектер;

      6) 16 жастан жоғары балаларға оқу орнынан анықтама;

      7) жеке куәлігі, балалардың туу туралы куәлігі, неке туралы куәлік (алғаш жолыққандар үшін);

      8) мәртебесін куәландыратын анықтама (жалғызбасты аналар үшін);

      9) еңбек кітапшасының көшірмесі (жұмыссыздар үшін).

4. Қаржыландыру көздері

     24. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру қалалық бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылады.

     25. Өкілетті орган көрсетілген көмек сомаларын көрсете отырып, тұрғын үй көмегін алушылар тізімін жасайды және тоқсан сайын келесі тоқсанның алғашқы айының 15-і күнінен кешіктірмей жиынтық мәліметті қаланың қаржы бөліміне тапсырады. Қаржы бөлімі көрсетілген қаражатты өкілетті органның есебіне аударады, олар өз кезегінде коммуналдық қызметті жеткізушілер шотына аударады.

      Телефонның абоненттік ақысы тарифтерінің арту өтемақысын төлеу алушының таңдауы бойынша оның жазған арызы негізінде жеке есеп шот реквизиттерін көрсету арқылы осы түрдегі банкілік операцияға лицензиясы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі елттық банкілерде жүзеге асырылады.

     26. Тұрғын үй көмегін төлеуге арналған бюджеттік қаражаттың есептелуі мен шығыстарының дұрыстығын тексеру заңнамамен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады