Ақтөбе қаласының "Оңтүстік-Батыс-1", "Заречный-2" шағын аудандарындағы атаусыз көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Бірлескен Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімиятының 2008 жылғы 17 маусымдағы № 1654 қаулысы және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008 жылғы 17 маусымдағы № 76 шешімі. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 маусымда № 3-1-92 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңының 13 бабының 4 тармағына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік-Батыс-1" шағын ауданының атаусыз көшелеріне Байсалбай Жолмырзаев, Жетес би есімдері берілсін.
      2. "Заречный-2" шағын ауданының атаусыз көшесіне Алмат-Самырат есімі берілсін.
      3. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

       Ақтөбе қаласының           Ақтөбе қалалық мәслихатының
            әкімі                      сессия төрағасы

          С.Нокин                        А.Айтжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады