Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әйтеке би ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындары ашылатын кәсіпорындардың тізбесі бекітілсін. Қосымша – 1
2. Халықтың мақсатты топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ашылған әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру аудандық қаржы бөліміне (А.Сапаров) тапсырылсын.
3. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ресми газетке жарияланғаннан соң 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Нуршинге жүктелсін.
Аудан Әкімі: Е.Есенбаев
Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2008 жылғы
22 шілдедегі N 309 қаулысымен
бекітілген ҚОСЫМША N 1
Әйтеке би ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындары ашылатын
кәсіпорындарының тізбесі
"Қарабұтақ" ЖШС
"Қайнар" коммуналдық мекемесі