1992 жылы туылған азаматтарды Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімиятының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 6 қаңтарда N 3-2-66 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 1 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімінің 2010.02.15 № 1 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери
қызмет туралы" Заңының 17 бабын, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 "Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу
тәртібі және ережені бекіту туралы" Қаулысын орындау үшін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33, 37 баптары негізінде аудан әкімі
ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. 2009 жылдың 13 қаңтар мен 31-і наурыз аралығында Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелу жасы 17-ге толатын 1992 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, тұрақты немесе уақытша Әйтеке би ауданының аумағында тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
      Шараларды орындауға қатысты шығындар жергілікті бюджет есебінен
жүзеге асырылады.

      2. Әйтеке би ауданы орталық ауруханасы (Ж.Қ.Қасымов) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі қарамағына бөлсін:

      1) бекітілген құрамға сәйкес тіркелінетіндерге медициналық куәлік беруді жүргізу үшін дәрігер-мамандарды;

      2) тіркелінетіндерге медициналық құжаттармен сапалы және толық қамтамасыз ету үшін жеткіншектер кабинеттерінің дәрігерлерін;

      3) дәрігер-мамандарды және медбикелерді қосымша тексеруден өткізуүшін, тіркелінетіндердің саны көбеюіне байланысты;

      4) дәрігер-мамандардың резервтегі құрамын;

      5) медициналық комиссия жұмысы үшін қажетті медициналық мүліктерді, құралдарды және дәрі-дәрмектерді.

      3. Меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындарының басшылары;

      1) тіркеуге жататын азаматтарға хабар берсін, оларды аудандық шақыру пунктіне шақырсын және олардың бұл шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін;

      2) шақыруға дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындауға қажетті уақытқа олардың жұмыс (оқу) орындарындағы айлығын (стипендиясын) сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босатсын.

      4. Аудандық білім бөлімінің бастығы (Б.Құдайбергенұлы) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен (И.Тұрғанбаев) бірлесе отырып, аудан мектептеріндегі оқитын барлық 1992 жылы туылған жасөспірімдерді толық тіркеуге алуды бақылауды жүзеге асырсын. Тіркелу кезінде анықталған барлық орта білімі жоқ жасөспірімдерді кейіннен күндізгі және сырттай жалпы білім беру мектептерінде оқытатындай етіп, есепке алсын.

      5. Аудандық ішкі істер бөліміне (А.Юсупов) тіркеуді жүргізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін екі адамнан тұратын полиция нарядын бөлсін.

      6. Аудандық әділет басқармасына (Ж.Байбашева), аудандық сотқа (М.Жаркынбеков) меншік түріне қарамастан органдар мен ұйымдарға Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18 бабында қарастырылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

      7. Селолық округтер әкімдері Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің талабы бойынша әскерге шақырылатын жасқа дейінгілер мен әскерге шақырылушыларды шақырту пінктіне шақырылғандығын хабарласын және уақытында келуін қамтамасыз етсін.

      8. Әйтеке би ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы И.М.Тұрғанбаев азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету шараларын алсын. Тіркеу қорытындысы туралы 2009 жылдың 10 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.

      9. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Нуршинге жүктелсін.

      Аудан әкімі                Е.Қ.Есенбаев

Аудан әкімінің 2008 жылғы
23 желтоқсандағы N 4
шешіміне қосымша N 1

Азаматтарды кезекті тіркеуден өткізіп, медициналық тұжырым жасау жөніндегі комиссияның құрамы

Тұрғанбаев Иманғазы      - ауданның қорғаныс істері жөніндегі
Мамбетқазыевич             бөлім бастығы, комиссия төрағасы

Мурзагулов Бағдат        - Әйтеке би аудан әкімі аппаратының
Жаугашарұлы                төтенше жағдай жөніндегі бас
                           маманы, комиссия төрағасының
                           орынбасары

Комиссия мүшелері

Таңатарұлы Бөкенбай      - аудандық ішкі істер бөлімі
                           бастығының тәрбие және кадр
                           жөніндегі орынбасары

Жакибаева Назгүл         - дәрігер терапевт медициналық
Жұмажановна                комиссиясының төрағасы

Кузнецова Людмила        - мейірбике, комиссия хатшысы
Александровна

Резерв

Сыбаев Қази Елубаевич    - аудандық қорғаныс істері
                           жөніндегі бөлімі бастығының
                           орынбасары

Утешов Куанышбай         - Әйтеке би аудан әкімі аппаратының
Айтмаганбетулы             бас маманы

Резервтік комиссия мүшелері

Тыштыбаев Еркін          - аудандық ішкі істер бөлімінің
                           қызмет жөніндегі орынбасары

Тасименова Агиля         - дәрігер-терапевт
Казмаганбетовна

Бимаганбетова Айгүл      - мейірбике-статист
Сакенаевна

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады