Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 қазандағы № 3 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23-қаңтарындағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы мен Қазақстан Республикасының салық Кодексінің 373-бабына, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 29-қарашадағы № 534 «Бір жолғы талондар беру Ережелерін бекіту туралы» Бұйрығына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс Министрінің 2001 жылғы 30-қазандағы № 1469 Бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2007 жылғы 17 қазандағы Алға аудандық мәслихатының екінші сессиясының № 10 «Үй жануарларын жаюға қызмет көрсететін және жеке тұлғаларға берілетін жануарлар мен құстар үшін дайын жем-шөп сататын жеке тұлғаларға берілетін бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы» (аудандық әділет Басқармасында 2007 жылдың 1-қарашасында мемлекеттік тіркеу № 3-3-49) шешімінің күші жойылды деп табылсын.
2. Үй жануарларын жаюға қызмет көрсететін жеке тұлғаларға берілетін бір жолғы талондардың құны № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
(Қосымша қоса тіркеледі)
3. Жем-шөп сататын жеке тұлғаларға берілетін бір жолғы талондардың құны № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
(Қосымша қоса тіркеледі)
4. Шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық, селолық әкімдіктеріне және Алға ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы А.Біржановқа жүктелсін.
5. Осы шешім аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат
сессиясының төрайымы: хатшысы міндетін атқарушы:
Г. Iзбасова Б. Длимов
Алға аудандық мәслихаттың 2008 жылдың
26 маусымындағы VIII
сессиясының № 5 шешіміне
№ 1 қосымша
Үй жануарларын жайғаны үшін салынатын бір жолғы талондардың құны.
№ |
Жануарлар |
Бақташыға |
Бір айға |
Бір күнгі |
|
1 |
Қала |
Ірі қара |
100 дейін |
750 |
25 |
2 |
Қала |
Ірі қара |
200 дейін |
1500 |
50 |
3 |
Қала |
Ірі қара |
200 ден жоғары |
2400 |
80 |
1 |
Ауыл |
Ірі қара |
100 дейін |
600 |
20 |
2 |
Ауыл |
Ірі қара |
200 дейін |
1200 |
40 |
3 |
Ауыл |
Ірі қара |
200 ден жоғары |
1800 |
60 |
Алға аудандық мәслихаттың 2008 жылдың
26 маусымындағы VIII
сессиясының № 5 шешіміне
№ 2 қосымша
Алға ауданы бойынша жем-шөп сатуға салынатын бір жолғы талондардың құны.
Округ |
Жем шөп түрі |
Бір күнгі талон құны (теңге) |
|
1. |
Қала, село |
Буылған шөп |
900 |
Бос шөп |
900 |
||
Арпа |
1020 |
||
Жем жармасы |
600 |