Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 64 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100 «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36-бабы 1, 6-тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Алға ауданы бойынша жануарлар мен құстардың жемдерін сатуды және үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны № 1, № 2 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
2. Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-57 тіркелген, 2008 жылғы 15 шілдедегі «Жұлдыз-Звезда» газетінің № 29 жарияланған аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 26 маусымдағы № 5 «Үй жануарларын жаюға қызмет көрсететін және жем-шөп сататын жеке тұлғаларға берілетін біржолғы талондардың құнын бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық, селолық, ауылдық округ әкімдеріне және Алға ауданы бойынша салық басқармасының бастығы Т.Аққожинге жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының
төрағасы, мәслихат хатшысы: А.Кайрушев
Алға аудандық мәслихаттың 2009 жылдың
20 қазанындағы кезектен тыс XXI
сессиясының № 3 шешіміне
№ 1 қосымша
Алға ауданы бойынша жануарлар мен құстардың
жемдерін сату үшін бір жолғы талондардың құны.
Округ |
Жем шөп түрі |
Бір күнгі талон құны (теңге) |
|
1. |
Қала, село |
Буылған шөп |
300 |
Бос шөп |
300 |
||
Арпа |
360 |
||
Жем жармасы |
400 |
Алға аудандық мәслихаттың 2009 жылдың
20 қазанындағы кезектен тыс XXI
сессиясының № 3 шешіміне
№ 2 қосымша
Үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын
жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құны.
№ |
Жануарлар |
Бақташыға бағуға |
Бір күнгі |
|
1 |
Қала |
Ірі қара |
100 дейін |
25 |
2 |
Қала |
Ірі қара |
200 дейін |
50 |
3 |
Қала |
Ірі қара |
200 ден жоғары |
80 |
1 |
Ауыл |
Ірі қара |
100 дейін |
20 |
2 |
Ауыл |
Ірі қара |
200 дейін |
40 |
3 |
Ауыл |
Ірі қара |
200 ден жоғары |
60 |
1 |
Қала |
Ұсақ мал |
100 дейін |
10 |
2 |
Қала |
Ұсақ мал |
100 ден жоғары |
20 |
1 |
Ауыл |
Ұсақ мал |
100 дейін |
5 |
2 |
Ауыл |
Ұсақ мал |
100 ден жоғары |
10 |