Ескерту. Деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтін бойынша "селолық" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Бесқоспа ауылдық округі әкімінің 01.06.2017 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Алға ауданының Бесқоспа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Алға ауданы Бесқоспа ауылдық округі әкімінің 01.06.2017 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Бесқоспа ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, төмендегідей елді-мекендерге көше атаулары берілсін:
1.1. Темрей елді-мекеніне – Диханшылар көшесі. Көшеге елді-мекендегі барлық үйлер жатқызылады.
1.2. Қызыл-Ту елді-мекеніне - Тәуелсіздік көшесі. Көшеге елді-мекендегі барлық үйлер жатқызылады.
1.3 Табантал елді-мекеніне – Құрылысшылар көшесі. Көшеге елді-мекендегі барлық үйлер жатқызылады.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды жетекші маманның міндетін атқарушы Б.О.Хайтбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім қол қойылып, аудандық әділет басқармасынан тіркелуден өткеннен кейін және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Бесқоспа ауылдық округінің әкімі | С.Ж.Тезекбаев |