Бесқоспа селолық округі әкімінің 2008 жылғы 24 қарашадағы № 34 "Бесқоспа селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Бесқоспа ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 12 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 маусымда № 5521 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Алға ауданының Бесқоспа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бесқоспа селолық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2008 жылғы 24 қарашадағы № 34 "Бесқоспа селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-64 болып тіркелген, 2009 жылғы 31 наурыздағы аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің кіріспесі келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Алға ауданының Бесқоспа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бесқоспа ауылдық округінің әкімі Наурызов Т.К.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады