Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімиятының 2008.12.15 N 5 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" N 74 Заңының 17-бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскери шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы және ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 қаулысын орындау үшін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 33, 37-баптары негізінде ШЕШЕМІН:
1. 2008 жылдың 14 қаңтары мен 31 наурыз аралығында Ырғыз аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелу жасы 17-ге толатын 1991 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, тұрақты немесе уақытша Ырғыз ауданының аумағында тұратын ересек жастағы азаматтарға тіркеу жүргізілсін.
2. Барлық селолық округтер әкімдеріне, мекеме басшылары мен мектеп директорларына аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне шақырылғандарды дер кезінде хабардар ету, олардың қажетті іс-құжаттарымен келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
3. "Ырғыз аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының бас дәрігеріне: (Ж.Сүлейменов)
Қазақстан Республикасы "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18, 44-баптарының негізінде неғұрлым даярлығы жоғары, іс-тәжірибесі бар маман дәрігерлер бөлу, дәрігерлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, тіркеу уақытында анықталған науқасы бар жастарға дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаға жатқызып емдеу, оған бақылау шараларын алу, жүргізілген жұмыстардың барысы жайлы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлама жасап тұру ұсынылсын.
4. Аудандық білім бөлімі: (Н.Жүсіпов)
Аудан мектептерінде оқитын барлық 1991 жылы туылған жасөспірімдерді толық тіркеуге алуды бақылауды жүзеге асырсын. Тіркелу кезінде анықталған барлық орта білімі жоқ жасөспірімдердің кейіннен күндізгі және сырттай жалпы білім беру мектептерінде білім алуын қамтамасыз етсін.
5. Аудандық ішкі істер бөліміне: (А.Қанымбаев)
Қазақстан Республикасы "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18-бабына сәйкес:
1) комиссия өтіп жатқан уақытта шақыру бөлімінде тәртіпті сақтау мақсатында ішкі істер бөлімінен 2 қызметкер бөлу;
2) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңын орындаудан бұлтарушыларды іздестіру, оларды ұстаудың шараларын алу ұсынылсын.
6. Барлық селолық округ әкімдеріне аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылған азаматтарды шақырылған күні арнайы жабдықталған, жылы көлікпен жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылсын.
7. Аудандық әділет басқармасына: (Ж.Төрежанұлы) Қазақстан Республикасы "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18-бабында қарастырылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
8. Аудандық қаржы бөлімі: (Ә.Аяпберген) азаматтарды кезекті тіркеу жөніндегі іс-шараларды уақытында қаржыландырсын.
9. Шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі жұмыстарға тартылған барлық қызметкерлерге осы міндеттерді атқару уақытына жұмыс орны, атқаратын қызметі және жалақысы сақталсын.
10. Ырғыз аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (М.Ыбраев) осы шешімнің орындалуы жайлы 2008 жылдың 5 сәуіріне аудан әкіміне хабарлама беру ұсынылсын.
11. Шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
12. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Шахинге және қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы М.Ыбраевқа жүктелсін.
Аудан әкімі М.ДУАНБЕКОВ