2008 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімиятының 2008 жылғы 27 ақпандағы N 67 қаулысы. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 11 наурызда N 3-5-68 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімиятының 2009 жылғы 06 қаңтардағы N 3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімиятының 2009.01.06 N 3 Қаулысымен.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысы негізінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 23 қаңтар 2001 жылғы N 148-ІІ Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан бойынша 2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың тізбесі мен түрлері бекітілсін.

      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындау туралы шарттар жасасуға өкілдік берілсін.

      3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аудан бюджетінің 2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды өткізуге көзделген қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа жіберуді жүзеге асырсын.

      4. Қоғамдық жұмысқа қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы ең төменгі айлық жалақы мөлшерінде белгіленсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Шахинге жүктелсін.

      6. Қаулы аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарына қолданылады.

      Аудан әкімі           М.ДУАНБЕКОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады