Сыртқы (көрнекті) жарнамалар орналастыру үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы N 47 шешімі. Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 14 сәуірде N 3-6-62 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 140 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2009.04.24 № 140 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 491 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат  ШЕШІМ ЕТЕДІ :
      1. Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және аудан елді мекендерінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

       Аудандық мәслихат             Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы:              хатшысы:

         С.Алмагамбетов                 Ж.Құлманов

Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 27 наурыздағы
№  47 шешіміне
Қосымша

Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастыру үшін төлемақы
ставкалары

№ р/с

Жарнама обьектісінің түрлері

Төлемақы ставкасы

Төлеу уақыты

1

Жарнама қалқаны (тақтасы) ұзындығы 1,5 метр- ені 1метрге дейін   болса

10% АЕК

ай сайын

2

Жарнама қалқаны (тақтасы) ұзындығы 1,5 метр- ені 1метрден жоғары болса

15% АЕК

ай сайын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады