Қобда ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орнының үлесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімиятының 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 67 қаулысы. Ақтөбе облысының Қобда аудандың әділет басқармасында 2008 жылдың 23 сәуірде N 3-7-45 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы № 22 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2009.01.21 № 22 Қаулысымен.

       Мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оңалту және олардың тіршілік тынысы мен қоғаммен етене араласу үшін тең мүмкіндіктер беруге бағытталған, еңбек қызметі түрін еркін таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткізуі мен тең құқығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 3137 баптарын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" N 149 Заңының 7 бабы 5-25-3 тармақтарын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" N 39 Заңының 1131 баптарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қобда ауданы бойынша мекемелер мен кәсіпорындарға жалпы жұмыс орындарын мүгедектер үшін үш пайыз мөлшерінде жұмыс орнындары қосымшаға сәйкес бекітілсін (қоса жалғанды).
      2. Аудан бойынша мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Я. Назаровқа және келісім бойынша қосымшаға сәйкес үлесі белгіленген мекеме басшыларына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Жиеналинге жүктелсін.

      Аудан әкімі:                        С. Ботағарин

N 1 қосымша
Қобда ауданы Әкімдігінің
2008 жылғы 1 сәуірдегі
N 67 қаулысымен бекітілген

Қобда ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орнының үлесін белгілейтін мекемелер ТІЗІМІ

N Мекемелер атауы Жұмысшылар саны Жұмыс орнының саны (3%) Ескерту

1

Қобда орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі

21

1


2

Қобда аудандық білім бөлімі

929

10


3

Қобда аудандық орталық ауруханасы

291

6



Барлығы:


20


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады