Байнассай ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 наурызда № 4233 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 -бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Байнассай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Байнассай ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Байнассай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 05 желтоқсандағы № 1 "Байнассай ауылдық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-67 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтардағы "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
      кіріспесіндегі ", Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономостикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі атауы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Байнассай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы";
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің 1, 2, 3 тармақтарындағы "елді мекеніне" сөздері "ауылында" сөзімен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі шешімнің атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "названий", "имя", "аульного округа Байнассай" сөздері "наименований", "наименования", "Байнассайского сельского округа" сөздерімен ауыстырылсын.
      2) Байнассай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1 "Байнассай ауылының көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-143 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 желтоқсанда "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
      орыс тіліндегі шешімнің атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "аула", "аульного округа Байнассай", "аульного" сөздері "села", "Байнассайского сельского округа", "сельского" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байнассай ауылдық округінің әкімі: С. Қошмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады