Халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесін және жұмыс істеуге қабілеті бар мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімиятының 2008 жылғы 15 мамырдағы N 212 қаулысы. Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 10 маусымда N 3-9-64 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 8 шілдедегі N 261 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2009.07.08 N 261 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңынң 15, 31 баптарына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабы 4 тармағына сәйкес "Ақтөбе облысының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған ic-шаралар жоспарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы 2001 жылгы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңынын 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың максатты топтағы жұмыссыздары үшін ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесі N 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Жұмыс icтeyгe қабілеті бар мүгедектер үшін аудандағы кәсіпорындар мен мекемелердегі жұмыс орындарының жалпы санының үш процент мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы N 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Осы ic-шараларды ұйымдастыруға байланысты белгіленген қаражат шегінде қамтамасыз ету аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бастығы Ғ. Асқаровқа жүктелсін.
      4. Аудандағы халыктың мақсатты топтағы жұмысссыздары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмыс істеуге қабілеті бар мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы А. Шотовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Қаниевке жүктелсін.
      6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа 10 күннен кейін енгізіледі.

      Аудан әкімі                             С. Шаңғұтов

Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 15 мамырда
N 212 қаулысына
N 1 Қосымша

Халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін ұйымдастырылатың әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесі

Р/с

Мекеме атауы

Қабылданатың адам саны

Жұмыс icтey мерзімі

1.

"Техник"-ЖШС

10

6 ай

2.

"Нута"-ЖШС

5

6 ай

3.

TYK "Көнек"

2

6 ай

4.

Ш/қ "Арман"

4

6 ай

5.

Ш/қ "Конжар"

4

6 ай

6.

Ш/қ "Даурен"

3

6 ай

7.

Ш/қ "Ойыл"

2

6 ай


Барлығы

30


Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 15 мамырда
N 212 қаулысына
N 2 Қосымша

Жұмыс icтeyгe қабілеті бар мүгедектер үшін аудандағы ұйымдардың жұмыс орындарының жалпы санының үш процент мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы

Р/с

Квота белгіленгенен мекеме, кәсіпорын атауы

Жұмыс істеушілер саны

Жұмыс
орнының
3%

1.

"Октябрьмұнай" мұнай-газ өндіру басқармасы

1053

31

2.

"Актөбемұнаймашкомплект" ЖШС

219

7

3.

AҚ "Көктас"

567

17

4.

Қандыағаш вагон пайдалану депосы

300

9

5.

Арнайыландырылған техника басқармасы Қандыағаш

1924

58

6.

"Вернал Ойл Казахстан" ЖШС

109

3

7.

КТМ N 4

67

2


Барлығы

4239

127

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады