2009 жылғы Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 5 шешімі. Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 26 қаңтарда N 3-9-92 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімінің 2009 жылғы 27 желтоқсандағы N 27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімінің 2009.12.27 N 27 шешімімен.

      Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" N 371 қаулысын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33, 37 баптарын басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
      1. Жастарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарақтылығын, жалпы білім деңгейін, алған мамандығын және денсаулығы жағынан даярлығын анықтау мақсатында азаматтарды тіркеуге алу жұмыстары жүргізілсін.
      2. 1992 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ бұрын әртүрлі себептермен тіркелмеген жасы асқан азаматтарды Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде тіркеу 2009 жылғы 14 қаңтардан бастап 31 наурыз айларына дейін жүргізілсін.
      3. Қандыағаш қаласының және жақын орналасқан ауылдық округтерінің азаматтарын тіркеу үшін "Шақыру пункті" болып Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимараты белгіленсін.
      4. Ембі, Жем қалаларының және жақын орналасқан ауылдық округтерінің азаматтарын тіркеу үшін "Шақыру пункті" Ембі қаласының N 10 Кәсіптік лицей болып белгіленсін.
      5. "Мұғалжар орталық аудандық" және "Ембі аудандық" ауруханаларының бас дәрігерлері Ж.Төребаев және З.Саркулова (келісімдерімен):
      1) тіркеу кезінде шақырылғандарды дәрігерлік куәландырудан өткізу үшін Қандыағаш және Ембі аудандық емханаларынан қажетті мөлшерде тәжірибелі дәрігерлер мен орта буын қызметкерлерін қатыстырсын, соған қатысты қажетті дәрігерлік және шаруашылық мүліктерімен қамтамасыз етсін;
      2) тіркеуге шақырылғандарды флюрографияға түсуін және қан тобын анықтау үшін зерттеу лабораториясынан өткізуін ұйымдастырсын.
      6. Мұғалжар аудандық білім бөлімінің бастығы Қ. Назаров тіркеу кезінде анықталған орта білімі жоқ шақырушыларды оқыту үшін жалпы білім беретін мектептерге бекітсін.
      7. Мекеме, ұйымдар және оқу орындары (меншік иелігіне қарамастан) басшыларынан Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұрауы бойынша тіркелу кезінде шақырылатын азаматтарды жұмыстан (оқудан) уақытша босатып, дәрігерлік комиссиядан өтуі үшін көрсетілген уақытта "Шақыру пункттеріне" келулерін қамтамасыз етсін.
      Тіркелуге тиісті азаматтарды қосымшада көрсетілген қажетті құжаттарымен толық қамтамасыз етсін.
      8. Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімі бастығы Ж. Аликулов (келісімімен):
      1) тіркеу жөніндегі комиссияларының жұмыс барысында "Тіркеу пунктерінде" және "Мұғалжар орталық аудандық" және "Ембі аудандық" ауруханаларының ғимараттарында қоғамдық тәртіпті сақтау қамтамасыз етсін;
      2) тіркеу кезінде қашып жүрген азаматтарды іздеу салуға көмек көрсетсін;
      3) Жем қаласынан және ауылдық округтеріненен "Тіркеу пунктеріне" шақырылғандарға учаскелік полиция инспекторлары еріп жүруі қамтамасыз етсін.
      9. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді қамтамасыз ету үшін Мұғалжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Ғ.Асқаров қаржыландыруды қарастырсын.
      10. Мұғалжар аудандық телекоммуникация торабы А. Жиенбаев (келісімімен) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді қамтамасыз ету үшін Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің Ембі, Жем қалаларымен ауылдық округтерімен үзіліссіз байланысын қамтамасыз ету сұралсын.
      11. Мұғалжар электр жүйесі кәсіпорыны (П.Хохлов келісімімен) Мұғалжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимаратына 2008 жылдың 14 қаңтар 31 наурыз аралығында электр қуатын үзіліссіз берілуін қамтамасыз етсін.
      12. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Д.Танкиев осы шешімнің орындалу қорытындысы бойынша аудан әкіміне хабарласын.
      13. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Құрмашевқа жүктелсін.
      14. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауданы әкімінің
          міндетін атқарушы             Н. Аққұл
 

Мұғалжар ауданы әкімінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 5
шешіміне ҚОСЫМША

Жас өспірімдер жеке іс қағаздарын жүргізу
үшін қажетті құжаттардың тізімі

      1. Туу туралы куәліктің көшірмесі
      2. Білім туралы құжаттардың көшірмесі
      3. Оқу орнынан (жұмыстан) анықтама
      4. Мінездеме (2 дана)
      5. Тұрғылықты орнынан және жанұя жағдайы туралы анықтама
      6. Фотосурет 3х4, (4 дана)
      7. Үлгідегі "N 63" егілу картасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады