Егіндібұлақ ауылдық округіне қарасты Миялыкөл ауылындағы көшеге атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 1 шешімі. Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 6 қаңтарда N 3-9-90 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімінің 10.05.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Егіндібұлақ ауылдық округіне қарасты Миялыкөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Миялыкөл ауылының көшесіне "Ынтымақ" атауы берілсін.
      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Егіндібұлақ ауылдық
      округінің әкімі Қ. Бекжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады