2009 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін төлемақылардың ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 81 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 16 қаңтарда N 3-10-93 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 111 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 111 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 530 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Темір ауданы бойынша сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын жарнама обьектілері бойынша базалық төлемақы ставкаларының мөлшері айына 2 еселенген көлемінде бекітілсін.

      2. Темір аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 14 "2008 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін ай сайын төленетін төлемақылардың ставкілерін бекіту туралы" (тіркеу N 3-10-64) шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        Аудандық мәслихат      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы          хатшысы

           Р.САТАНОВА           С.ЖАҢАБЕРГЕНОВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады