Шақыру учаскесіне 2009 оқу жылында 1992 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімиятының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 6 шешімі. Ақтөбе облысының Хромтау аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 6 қаңтарда N 3-12-75 тіркелді. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1308 хатымен

      Ескерту. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2012.10.16 № 1308 Хатымен.

       Қазақстан Республикасының 23 қантардағы 2001 жылғы N 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабы 3 тармағына және 2005 жылғы 08 шілдедегі N 74 "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес, аудан әкімі шешім етті:

      1. Аудан аумағында тұрақты және уақытша тұратын 1992 жылы туған азаматтарды Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде 2009 жылдың 12 қантарынан 31 наурызына дейінгі мерзімде тіркеу жүргізілсін.

      2. "Аудандық орталық аурухана" МКҚК бас дәрігері Қ.Е.Қозбағаров:
      1) тіркеу жөніндегі дәрігерлік комиссияның жұмыс мерзіміне 2009 жылдың 12 қантарынан 30 қантарына дейін дәрігер – мамандар мен орта буын медициналық мамандарды жіберсін (N 1 қосымша);
      2) Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің 2005 жылғы 04 наурыздағы N 100 бұйрығымен қаралған медициналық аспаптармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін;
      3) тіркеу мерзімінде анықталған, емделулері қажет шақырылушылар ауданның емдеу мекемелеріне бекітсін және шақырылушыларды сауықтыру жұмысының барысына бақылауды жүзеге асырсын.

      3. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бастығы Е.Ә.Әубәкіров, тіркеу комиссиясының жұмысы қажетті мөлшерде техникалық жұмысшыларды бөлуді қамтамасыз етсін. (N 2 қосымша).

      4. "Аудандық қаржы бөлімі" ММ бастығы Нұрлыбаев Т.О., іс шараларды өткізу үшін қарастырылған қаржыны бөлуді мерзімінде жүзеге асырсын.

      5. Селолық округттер әкімдері, шақырылуға дейінгі шақырылушылардың әрі қарай Хромтау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне жүз пайыз жіберілуін және оларды жеке шақыру қағазында көрсетілген қажет құжаттармен қамтамасыз етсін.

      6. Хромтау аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы Б.К. Ильясов:
      1) 2008 жылдың желтоқсан айында ауданның селолық округтері әкімдерімен 2009 жылы жасөспірімдердің сапалы және уақытында тіркелу мәселесі жөнінде біркүндік түсіндіру жұмысын жүргізсін;
      2) тіркеу кезінде Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы әскери оқу орындарына оқуға түсіру үшін әскер қатарына шақыруға дейінгі және әскер қатарына шақырушылар арасынан үміткерлерді іріктеу бойынша үгіт – тәрбие жұмыстарын жүргізсін.

      7. Хромтау аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы С.Р.Тоқабаев, Хромтау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде, тіркеу жөніндегі комиссияның 2009 жылдың 12 қантарынан 30 қантарына дейінгі мерзімінің жұмыс күндерінде сағат 9.00 ден 17.00-ге дейін қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полициядан 1 адам бөлсін.

      8. Осы шешімнің орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Б.Ельдесовке жүктелсін.

      9. Аталмыш шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                           Б.Каниев

Аудан әкімінің
25 желтоқсандағы 2008 жылғы
N 6 шешіміне
N 1 қосымша

Тіркеуге алу жөніндегі аудандық
дәрігерлік комиссияның құрамы.

      Невропатолог            Бегимбаев К.С.
      Отолоринголог              Әліпов С.А.
      Стоматолог                   Ткач Л.В.
      Хирург                   Жанбурин Ж.И.
      Дерматовенеролог         Нуримова К.М.
      Терапевт                Кайрашева К.С.
      Рентгенолог              Дөскеева З.А.
      Мед.бике                  Егізбаева У.
      Мед.бике                    Ибраева С.
      Мед.бике                 Диханбаева У.
      Мед.бике                Наурызбаева А.
      Мед.бике                   Жолтаева А.
      Мед.бике                   Стебнева С.
      Мед.бике                 Аппакова Г.К.
      Мед.бике                 Дильманова Б.
      Мед.бике              Наурызгалиева Л.
      Мед.бике                 Умурзакова Г.

Аудан әкімінің
25 желтоқсандағы 2008 жылғы
N 6 шешіміне
N 2 қосымша

Тіркеу комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету үшін
"Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-ден бөлінетін техникалық жұмысшылардың құрамы.

Р/с

Техникалықжұмыс
шылар
дың
саны

Қойылатын талаптар

Олар қандай мерзімге бөлінеді

1

4

Анық жазатын орта білімді әйел адамдар

25.12.2008 ж.
30.03.2009 ж. дейін

2

1

Әскери міндетін атқарған, жасы 25-тен жоғары, әскери міндеттілер қатарындағы ер адамдар

25.12.2008 ж.
30.03.2009 ж.дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады