Хромтау аудандық мәслихатының 2002 жылғы 21 ақпандағы N 5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 93 шешімі. Ақтөбе облысының Хромтау аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 15 қаңтарда N 3-12-78 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 шілдедегі № 141 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2009.07.21 № 141 Шешімімен.

       Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 13 желтоқсандағы Салық Кодексін орындау мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасын, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28 бабын басшылыққа ала отырып, аудандық мсәлихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2002 жылдың 21 ақпанындағы он төртінші сессиясының № 5 «Бір реттік талондардың мөлшерін бекіту туралы» шешімінің қосымшасындағы мынадай мазмұндағы 6-шы тармағы алынып тасталсын; «Жолаушылар тасымалдайтын жеңіл автомобильдер иелерінің 1 күнгі қызметі:
      1) Хромтау қаласы бойынша – 70 теңге;
      2) қалааралық – 150 теңге;
      3) аудан бойынша – 100 теңге.»
      2. Осы шешім алғаш жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен ішінде қолданысқа енгізіледі.

        Аудандық мәслихат                  Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрайымы                       хатшысы
           Е.Юшкевич                           Д.Молдашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады