Райымбек ауданы Қарқара селолық округінің Екпінді ауылын тарату туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 17 қаңтардағы N 6-36 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы N 10 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 7 ақпанда N 2000 тіркелді.

Ф Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабындағы 3 тармағына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ және Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Райымбек ауданы Қарқара селолық округінің Екпінді ауылы таратылып, тұрғындары Қарқара ауылының құрамына енгізілсін.
       2. Облыстық статистика басқармасы (Б.Төлепбаев) облыстың әкімшілік - аумақтық бірліктерін есепке алу мен тіркеуіне өзгерістер енгізсін.
       3. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.
       4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі

      Алматы облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы

      Алматы облыстық
      мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады