Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және Алматы облысының елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы мәслихатының 2008 жылғы 10 сәуірдегі N 8-57 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 20 мамырда N 2008 тіркелген. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 16-105 шешімімен

       Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 16-105 шешімімен.

           Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 491-бабының 2-тармағына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жергіліктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және Алматы облысының елдi мекендерде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем ставкалары, қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. 2001 жылғы 25 желтоқсанда нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 528 нөмірімен тіркелген, Алматы облыстық мәслихатының 2001 жылғы 20 қарашадағы "Облыс бюджетіне жеке төлемдер бойынша ставканы бекіту туралы" N 16-106 шешімінің, енгізілген өзгерістермен 2004 жылғы 17 қаңтарындағы "Жетісу", "Огни Алатау" газеттерінің 20 нөмірінде жарияланған 2004 жылдың 28 қаңтарда мемлекеттік құқықтық актілер тіркеу тізілімінде 1467 нөмірмен тіркелген Алматы облыстық мәслихатының 2003 жылдың 25 желтоқсанындағы "Орманды пайдалану үшін төлем ақы мөлшерін белгілеу туралы" N 3-19 нөмірлі шешімінің 3 қосымшасы күшін жойылған деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Облыстық мәслихат                Облыстық мәслихатының
       сессиясының төрағасы              хатшысы

Алматы облыстық мәслихатының    
2008 жылғы 10 сәуірдегі "Жергіліктi маңызы
бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарының бөлiнген белдеуiнде және Алматы
облысының елдi мекендерде орналастырылатын
жарнама объектiлерi бойынша сыртқы (көрнекі)
жарнаманы орналастырғаны үшін төлем 
ставкаларын белгілеу туралы"   
N 8-57 шешіміне қосымша      

Жергіліктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және Алматы облысының елдi мекендерде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем ставкалары

N

Жарнама
нысанының көлемi

Төлем ставкалары (ай сайын,
айлық есептік көрсеткіш
есебімен)

Санаты

А

В

С

1

2 шаршы метрге
дейінгі

4

2

1

2

2-ден 5 шаршы
метрге дейінгі

5

4

3

3

5-тен 10 шаршы
метрге дейінгі

10

8

6

4

10-нан 20 шаршы
метрге дейінгі

16

12

8

5

20-дан 30 шаршы
метрге дейінгі

30

25

20

6

30 шаршы метрден
жоғары

40

30

20

      Ескерту: Шалғайдағы аудандардың экономикалық дамуын және жергілікті жерлердің, ірі қалалар мен автомагистральдардан алыс орналасқанын, аудандардағы тұрғандардың жиілігін ескере отырып, облыстың аудандары мен қалалары 3 санатқа бөлінген:

       А санатына: Енбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Талғар, аудандарын, Қапшағай, Талдықорған қалалары жатқызылсын;

       В санатына: Текелі қаласы, Жамбыл, Алакөл, Қаратал, Көксу, Панфилов, Ескелді аудандары жатқызылсын;

       С санатына: Ақсу, Балқаш, Кербұлак, Райымбек, Сарқан, Ұйғыр аудандары жатқызылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады