Алматы облысы әкімдігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы "Алматы облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және аталуын қайта өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлерін беру талаптарын бекіту ережелері туралы" N 114 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 шілдедегі N 142 қаулысы. Алматы облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 17 шілдеде N 2012 тіркелген. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 тамыздағы N 324 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 20.08.2014 № 324 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабындағы 4 тармаққа сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
       1. Алматы облысы әкімдігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы қаулысымен бекітілген "Алматы облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және аталуын қайта өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлерін беру талаптарын бекіту ережелері туралы" N 114 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 25 маусымда 1989 нөмірімен тіркелген және 2007 жылғы 30 маусымда N 84 "Жетісу" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгертулер енгізілген:
      аталған қаулымен бекітілген ереженің 3,4,69,70,71 тармақтары алынып тасталсын.
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ғ.Баталовқа жүктелсін.
       3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Үмбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады