Алматы облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлерін беру талаптарын бекіту ережелері туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы N 114 қаулысы. Алматы облыстық Әділет департаментінде 2007 жылы 25 маусымда N 1989 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы N 25-а қаулысымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 31.01.2013 N 25-а қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабындағы 1-тармағындағы 21-3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1 бабындағы 4 тармаққа сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Алматы облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлерін беру талаптарын бекіту ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Ғ. Баталовқа жүктелсін.
       3. Осы қаулы ресми алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің м.а.                        В. Долженков

Алматы облысы әкімдігінің
2007 жылғы "28" мамырдағы N 144
"Алматы облысы аумағындағы
елді мекеннің құрамдас бөліктеріне
атау беру және атауын қайта өзгерту,
жер учаскелеріне, ғимараттар
мен құрылыстарға реттік нөмірлерін
беру талаптарын бекіту туралы
ережелері" қаулысымен бекітілген
қосымша

  Алматы облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлерін беру талаптарын бекіту ережелері

      Алматы облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлерін беру талаптарын бекіту ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы ", 2007 жылғы 11 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ", 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы ", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы " 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Заңдарының талаптарына сәйкес әзірленген.

  1-бөлім. Негізгі ережелер 1-тарау. Ережелерде пайдаланылатын түсініктер

      1. Осы Ережелерде мынадай түсініктер пайдаланылады:

      мекен-жай - Алматы облысының белгіленген шекарасы шегінде объектінің (жер учаскесінің, ғимараттың, құрылыстың) орналасу орнының (орналасқан жері) жинақталған деректемелерінің белгіленген құрылымдық сипаттамасы;
       саяжол - екі жағынан ағаштармен, бұталармен, құлпырған өсімдіктермен шектелген жаяу жүргіншілер көшесі немесе жол;
       желекжол - жаяу жүргіншілер қозғалысы және қысқа мерзімді демалысы үшін тағайындалған және жасалынған екі немесе бір жағынан белінген көгалдандырылған кең жолақ;
       қосып салынған объектілер - ғимараттар мен құрылыстарда ғимараттардың (құрылыстардың) қасбетін қайта жаңартпай және жеке кіру жасамай ұйымдастырылған объектілер, ғимараттың (құрылыстың) қайта құрылған бөлігінің функционалдық маңызы өзгеруі мүмкін;
       ғимарат - функционалдық мақсатына қарай адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік үдерісті орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды және тағы басқаларды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын көтергіш және қоршау құрылымдарынан тұратын, міндетті түрде жерге орныққан тұйықталған көлемді құрайтын, жасанды құрылыс ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін;
       инвестор - қолданыстағы заңнамаға сәйкес және (немесе) тартылған қаражаттарды қолданумен көше (өзге де қала құрылысы элементтері) атауларының көрсеткіштерін және ғимараттардың (құрылыстардың) реттік нөмірлерін әзірлеуге және орнатуға ниет білдірген тұлға;
       қала құрылысы элементінің санаты - функционалдық қала құрылысы нысанын және объектінің (шағын аудан, ғимарат, құрылыс, көпір, көлік айырымы (айналым), фонтан, тас жол, даңғыл, көше, желекжол, саяжол, өту жолы, қысқа көше, тұйық көше және басқалар) ерекшелігін сипаттайтын қала құрылысы элементінің бөлінбес бөлігі;
       квартал - магистральды көшелермен, қысқа көшелермен бөлінбеген құрылыстың құрылымдық бөлшегі;
       ландшафты-оңалту аумақтары - қалалық ормандары, орман саябақтар, орман қорғау аймақтары, сутоғандар, ауыл шаруашылығының пайдаланудағы жерлер және іріктелген аумақтарда орналасқан, ашық кеңістік жүйесін қалыптастыратын саябақтармен, бақтармен және желекжолдармен қоса басқа да пайдалы жерлері бар аумақтар;
       магистральды жолдар - қалалар және басқа елді мекендер арасында көліктік байланыс үшін белгіленген жол;
       шағын аудан - қаланы қалыптастыратын көшелермен бөлінбеген шекарада, не болмаса қоныстану, не болмаса өндірістік, не болмаса ландшафты-оңалту аумағы болып табылатын құрылыстың құрылымдық-жоспарлау элементі;
       атаулар - шағын аудандарға, даңғылдарға, желекжолдарға, көшелерге, алаңдарға, қалалық және селолық елді мекендердің өзге де құрылымдық элементтерге берілген, оларды білу және тану үшін қызмет ететін жеке атаулар;
       ономастикалық комиссия - географиялық объектілердің атауына және олардың атауларын өзгертуге бірыңғай көзқарас қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды ретке келтіру, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде тарихи атауларды қалпына келтіру, сақтау жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін консультативтік-кеңесші орган;
       сәулет органы - сәулет және қала құрылысы саласын реттеуді жүзеге асыруға әкімдікпен уәкілеттік берілген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
       тілдерді дамыту органы - тілдерді дамыту саласын реттеуді жүзеге асыруға және ономастикалық комиссия қызметін үйлестіруге әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес әкімдіктен уәкілеттілік берілген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
       өту жолы - көлік құралдарын тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және екі көше арасындағы (екі "т" тәрізді қысқа көшелер құрайды) көліктік байланысты қамтамасыз ететін ауданішілік, шағын ауданішілік, кварталішілік қалалық және кенттік құрылыс объектілеріне өтуін қамтамасыз ететін негізгі немесе екінші дәрежелі өту жолы;
       объектінің реттік нөмірі - объектінің мекен-жай құрылымының элементі: атауы (көше, шағын аудан және басқалар) бар объектілерге берілетін әріптер және (немесе) бөлшектер қосылу мүмкіндігімен бірізділік цифрдан тұратын объектінің жай нөмірі.
       жапсаржай объектілері - ғимаратқа, құрылысқа жапсаржай салынған қосымша орын-жай салу жолымен ғимараттарда және құрылыстарда ұйымдастырылған, сонымен қатар, ереже бойынша өздігінен функционалдық маңызы бар объектілер;
       түбегейлі жоспарлау жобасы - құрылыстың сәулеттік - кеңістік және инженерлік-экономикалық шешімін айқындау мақсатында қалалардың және басқа елді мекендердің бас жоспары негізінде жеке бөліктері үшін әзірленген жоба;
       өндірістік аумақ - өнеркәсіптік кәсіпорындарды және солармен байланысты объектілерді орналастыруға арналған аумақ, тәжірибелік өндірістермен бірге ғылыми мекемелердің, коммуналдық-қоймалық объектілердің, сыртқы көлік құрылыстарының, қаладан тысқары және қала төңірегіндегі құрылыстардың кешені;
       даңғыл - жалпы қалалық маңызы бар магистральды жол немесе магистральды көше;
       бақ - саябақ - қала, кент немесе селоның қоныстану аумағында ұйымдастырылған және үштен он гектарға дейінгі ауданымен халықтың бұқаралық демалуына арналған тұйық шекаралармен анықталған жалпы қолданыстағы оқшауланған көгалдандырылған аумақ;
       санитарлық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсіп орындары мен елді мекендегі басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттардан және құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ;
       қоныстану аумағы - тұрғын, қоғамдық (қоғамдық-іскер) және оңалту аймақтарын, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымының жекелеген бөліктерін, орналасуы мен қызметі арнаулы санитарлық қорғаныш аймақтарын талап етуге әсер етпейтін басқа да объектілерді орналастыруға арналған елді мекен аумағының бөлігі;
       шағынгүлбақ - қала, кент немесе селоның қоныстану аумағында ұйымдастырылған және үш гектардан аспайтын ауданымен халықтың бұқаралық демалуына арналған тұйық шекаралармен анықталған жалпы қолданыстағы оқшауланған көгалдандырылған аумақ;
       құрылыс - жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік үдерістерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға, немесе адамдарды, жүктерді уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) арналған жасанды ауқымды, тегістікті немесе сызықты объект (жер үсті, су беті және (немесе) жер асты, су асты). Құрылыс көркемдік-эстетикалық, әшекейлі-қолданбалы не болмаса мемориалды мақсатта болуы мүмкін;
       тұйық - көлік құралдарын тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және көше арасындағы (бір "т" тәрізді қысқа көшелер құрайды) көліктік байланысты құрамайтын ауданішілік, кварталішілік қалалық құрылыс объектілеріне өтуін қамтамасыз ететін негізгі немесе екінші дәрежелі өту жолы;
       көрсеткіш - жарық түсіретін, жарықты шағылыстыратын, контрастық объектілерді, материалдарды пайдалана отырып құрылған, азаматтарды сол немесе басқа көше, ғимарат немесе құрылыстың орналасуы туралы ақпараттармен қамтамасыз ету үшін белгіленген түсіндірме жазулары, цифрлары бар геометриялық нысанда белгіленген түрлі-түсті бейне;
       қаланың бөлігі (қала құрылысының элементі) - алаң, даңғыл, желекжол, көше, қысқа көше, саябақ, тұрғын үй ауданының бағы, шағынгүлбақ және қаланың басқа да құрамдас бөліктері. Осы Ережелерде қаланың бөліктері деп әлеуметтік маңызы бар объектілер (денсаулық сақтау, білім, мәдениет және тағы басқа) айтылуы мүмкін.

  2-тарау. Көрсеткіштерді орналастыру және пайдалану, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптарын, қалалар немесе басқа елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту саласында мемлекеттік реттеу

      2. Қаладағы немесе басқа елді мекендердегі аудандарға, көшелерге, даңғылдарға және қаланың өзге де құрамдас бөліктеріне атау беру, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмір беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалану, оларды ретке келтіруді мына мемлекеттік органдар жүзеге асырады:

      1) сәулет органдары;
      2) тілдерді дамыту органдары.

      3. (алынып тасталды - Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 шілдедегі N 142 қаулысымен)

      4. (алынып тасталды - Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 шілдедегі N 142 қаулысымен)

  3-тарау. Алматы облысының қалалары мен басқа елді мекендерінің аудандарына, шағын аудандарына, көшелеріне, даңғылдарына және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру (қайта атау), олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту тәртібі

      5. Қазақстан Республикасында әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте Алматы облысының облыстық және аудандық маңызы бар қалалар (бұдан әрі - қалалар) және басқа елді мекендер бөліктерінің атаулары оларды бөлуге және оларды кеңістікте тануды қамтамасыз ету үшін беріледі.
       6. Атау беру мынадай кезеңдермен жүргізіледі:
      1) Сәулет органы тілдерді дамыту органына қаланың немесе басқа елді мекен атаулары берілмеген, не болмаса кеңістік орналасу элементтері сызбасының қосымшасы мен атаулары ұқсас бөліктерінің тізбесін жібереді. Аталған тізбемен бірге сәулет органы сол жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін (олар бар болған жағдайда) бұзуға байланысты жойылған көшелердің тізбесін ұсынады;
      2) тілдерді дамыту органы Алматы облысының елді мекендері мен қаланың құрамдас бөліктерін атау (қайта атау) немесе транскрипциясын өзгерту мәселесіне байланысты келіп түскен ұсыныстарды қарап, ономастикалық комиссия отырысының (отырыстарының) қарауына ұсынады;
      3) ономастикалық комиссия отырыста қаралған мәселелер бойынша ұйғарым жасап, аудан, қала, облыс әкімдіктеріне елді мекен, қаланың құрамдас бөліктеріне байланысты нысандарды атау (қайта атау) туралы ұсыныстар енгізеді;
      4) аудан немесе қала әкімдіктері ономастикалық комиссия ұсынған қалалар және Алматы облысының басқа елді мекендердің құрамдас бөліктерін атау мәселелерімен келісіп мәслихат қарауына енгізеді, не болмаса ұсыныстарды қабылдамай, тілдерді дамыту органына кері қайтарады.
      5) қала немесе аудан мәслихаты әкімдіктің қала және елді мекендерге, қаланың құрамдас бөліктеріне атау беру жөніндегі шешімімен келіседі және қала және елді мекендер бөліктеріне атауды бекітеді, не болмаса әкімдіктің шешімін қабылдамай, материалдарды әкімдікке қайтарады;
      6) қала немесе аудан мәслихаты мен әкімдігінің қала және елді мекендер бөліктеріне атау беру (қайта атау) туралы шешімдері қала құрылысы бөліктерінің кеңістік ережесі сұлбасының міндетті қосымшасы мен оның шекараларының нақты анықтамасы бар мүдделі мемлекеттік органдарға және басқа да ұйымдарға жеткізіледі.
       7. Қаланың және елді мекеннің бір бөлігіне бірнеше атау беруге жол берілмейді. Бұрылыстары отыз градустан жоғары болған жағдайларда даңғылдардан (көшелер, қысқа көшелер, өту жолдары) басқа, мұндай жағдайларда қала бөлігінің бұрылыс орындарына оқшауланған атау беруге жол берілмейді.
      Бір санаттағы қала құрылысының бірнеше бөліктеріне бір атау беруге жол берілмейді.
       8. Қала құрылысы элементі (даңғыл, көше) табиғи бөгеулермен (өзендер, жырақтар және тағы басқалар) қиылысқан жағдайда қалыптасқан учаскеге жеке атау беруге жол беріледі.
       9. Қаланың және жеке елді мекен аумақтарын кезең-кезеңімен игерген жағдайда қала құрылысы элементін оқшауланған, атаулары қисынды байланысқан, осы қала құрылысы элементінің уақыт ішінде іс жүзінде қалыптасу және салыну кезеңіне сәйкес келетін жекелеген учаскелерге білуге жол беріледі.

2-бөлім. Алматы облысының қалалары және басқа елді мекендерінің жер учаскелеріне, ғимараттарына және құрылыстарына реттік нөмір беру, көрсеткіштер орнату және пайдалану

      10. Шағын аудандардың, көшелердің, ғимараттардың, құрылыстардың және қалалар мен басқа елді мекендердің басқа да объектілерінің орналасуын (орналасқан жері) анықтаудың бірыңғай жүйесі жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмір беру, көрсеткіштер орнату және пайдалану Алматы облысының аумақтарында қалыптастыру үшін тағайындалған.
       11. Алматы облысының аумағында орналасқан әрбір жер учаскесі, ғимараттар мен құрылыстардың өздерінің бірегей мекен-жайы болуы керек.
       12. Осы Ережелерге сәйкес реттік нөмір берілген жылжымайтын мүлік объектілері:
      1) жер учаскелері (игерілмеген және құрылыс салынған);
      2) ғимараттар;
      3) құрылыстар болып табылады.
       13. Алматы облысының қалалары мен елді мекендері үйлерінің, ғимараттары мен құрылыстарының қасбеттеріндегі, даңғылдардың, көшелердің, қысқа көшелердің қиылыстарындағы периметрлер бойынша көрсеткіштердің мынадай үлгілері орналасады:
      Көшелердің атауларының көрсеткіштері;
      шағын аудандардың атауларының көрсеткіштері;
      көшелердің қиылыстарында (қиылысу орны) орналасқан көше атауларының бұрыштама көрсеткіштері;
      ғимараттар, құрылыстардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері.
       14. Көрсеткіштің типтік нобайлары сәулет органының тілдерді дамыту органдары келісімімен бекітіледі.
       15. Алматы облысының қалалары мен елді мекендерінің аумағында орналасқан көшелер атауларының бұрыштама көрсеткіштері көшелердің, шағын аудандардың атауларының көрсеткіштері, ғимараттар, құрылыстардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері белгіленген тәртіпте бекітілген Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасы талаптарына, техникалық талаптарға, осы Ережелермен белгіленген үлгілік нобайларына міндетті түрде сәйкес болуы керек.

 4-тарау. Реттік нөмірлер беру талаптары

       16. Ғимараттар, корпустар, құрылымдар, құрылыстар, жер учаскелерінің реттік нөмірлері - цифрлардың ретімен жасалатын әріптер (А,Б,В,Г және тағы басқа есімдік болатын әріптерден басқа мысалы "Я" әріпі), алфавиттердің қазақ әріптерін (Ә, І, Ғ, Қ, Ү, Ұ, Ө, Һ) және айтылуы қиын әріптерді (дыбысталмайтын), не болмаса цифрларға ұқсас әріптерді (О, Ж, З, И, Х, Ц, Ч, Ш, Щ, Ь, Ы, Ъ) қосу мүмкіндігі немесе қосалқы белгісі, қосымша толық цифрлар арқылы тұратын объектілер мекен-жайларының деректемелері.
       17. Егер бір жер учаскесінде екі және одан да көп бірдей сәулеттік үйлесімін құрайтын немесе бір сәулеттік-құрылыстық кешеннің бөлігі болып табылатын ғимараттар, корпустар, құрылымдар, құрылыстар салынған (бар болса) болса, ғимараттардың, корпустардың, құрылымдардың, құрылыстардың жер учаскелерінің реттік нөмірлеріне әріптер қосылады.
       18. Егер ғимарат, корпус, құрылым немесе құрылыс квартал ішінде орналасып және ғимараттың, корпустың, құрылымның немесе имараттың бір де қасбеті қалалық магистралға шықпаса ғимараттар, корпустар, құрылымдар, құрылыстар реттік нөміріне бөлшек белгісі арқылы қосымша толық сандар қосылады. Бұл жағдайда негізгі реттік нөмір болып ғимараттың, корпустың, құрылымның, құрылыстың нөмірленуіне жақын ғимараттың, корпустың, құрылымның, құрылыстың реттік нөмірі қабылданады.
       19. Ғимараттардың, құрылыстардың және өзге де құрылымдардың мекен-жайларына мынадай міндетті деректемелері: көше атаулары, ғимараттардың, корпустардың немесе құрылымдардың, құрылыстардың реттік нөмірлері болуы керек.
       20. Жер учаскелеріне мынадай міндетті деректемелер: көше немесе шағын ауданның атауы, жер учаскесінің реттік нөмірі кіретін шартты мекен-жай болуы керек.
       21. Объект мекен-жайының құрылымы объектінің түрі мен оның орналасқан жерінің географиялық жағдайымен ғимарат, құрылыс, жер учаскесі анықталады.
       22. Шағын аудандар, өндірістік аумақтар, табиғатты қорғау кешендерінің (тарихи және сәулет ескерткіштерінің жиынтығы) атаулары, реттік нөмірі анықталатын объектінің орналасқан жері тиісті шағын ауданның, өндірістік аймақтық, табиғатты қорғау кешенінің белгіленген шекараларында объект орналасқан жағдайда объектінің мекен-жайына қосылатын болады.
       23. Даңғылдың, көшенің (қысқа көше, алаң) атауына қатысты объектінің нөмірленуі Алматы облысының қалалары мен елді мекендерінің көшелері атауларының ресми тізіміне және нөмірленетін объектінің және көше-жол желісі элементтерін оңтайлы ұсынуға сәйкес қысқа көшелердің, жолдардың және алаңдардың атауларын нақтылай отырып, даңғылдардың, көшелердің, қысқа жолдардың, алаңдардың ресми мекен-жай сұлбасына сәйкес қабылданады.
       24. Алматы облысының қалалары және басқа елді мекендер көшелерінің атауларының ресми тізімі және нөмірленетін объектінің және Алматы облысының қалалары және басқа елді мекендер даңғылдарының, көшелерінің, қысқа көшелерінің, алаңдардың және басқа да құрылымдық элементтерінің ресми мекен-жай сұлбасы алаңдардың атаулары электронды түрде құрылады және Алматы облысының қалалары және басқа елді мекендер аумағындағы қала құрылысы объектілерін және элементтерін атау, қайта атау туралы, соның ішінде мұрағат материалдарын пайдалана отырып, облыстық ақпараттық жүйе жүргізу негізінде Алматы облысының Мемлекеттік қала құрылысы Кадастрының базасында облыстық ақпараттық жүйе жүргізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер немесе кәсіпорындар жүргізеді.
       25. Талдықорған қаласының көшелерінің атауларының ресми тізімі және нөмірленетін объектінің және Талдықорған қаласының даңғылдарының, көшелерінің, қысқа көшелерінің, алаңдардың және басқа да құрылымдық элементтерінің ресми мекен-жай сұлбасы алаңдардың атаулары электронды түрде құрылады және Талдықорған қаласының аумағындағы қала құрылысы объектілерін және элементтерін атау, қайта атау туралы, соның ішінде мұрағат материалдарын пайдалана отырып, қалалық ақпараттық жүйе жүргізу негізінде Талдықорған қаласының кадастрлық базасында қалалық ақпараттық жүйе жүргізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер немесе кәсіпорындар жүргізеді.
       26. Жер учаскесінің, ғимараттың, корпустың, құрылымның, құрылыстың реттік нөмірі сәулет органының облыстық ақпараттық жүйе және қалалық ақпараттық жүйе мәліметтерімен объектінің реттік нөмірін алдын ала келісу бойынша жобалауға, не болмаса құрылыс салуға жер телімін бөлу бойынша рұқсат беру құжаттамасын әзірлеу сатысында белгіленеді.
      Жер учаскесінің, ғимараттың, корпустың, құрылымның, құрылыстың реттік нөмірі сәулет органы жекелеген объектілерді бұзу нәтижесінде қаланың бір бөлігі объектілерінің нөмірленуі оннан артық бірлікке бөлінген (жоғалған) жағдайда өзгертілуі мүмкін.
       27. Солтүстіктен оңтүстікке қарай құрылыстың үздіксіз үдерісін құрайтын және магистралдарда орналасқан ғимараттарға реттік нөмір беру және нөмірлеу көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен және оң жағы бойынша жұп сандармен оңтүстіктен солтүстікке қарай жүргізіледі.
       28. Шығыстан бастысқа қарай құрылыстың үздіксіз үдерісін құрайтын және магистралдарда орналасқан ғимараттарға (үйлерге) реттік нөмір беру және нөмірлеу көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен және оң жағы бойынша жұп сандармен батыстан шығысқа қарай жүргізіледі.
       29. Әртүрлі санаттағы көшелердің қиылысында орналасқан ғимараттарға магистралды көшелердің сыныптамасына сәйкес жоғары санаттағы көше бойынша реттік нөмір беріледі.
       30. Санаттары тең көшелердің қиылысында орналасқан ғимараттарға ғимараттың қасбеті шығатын болса қала орталығына бағытталған көше бойынша реттік нөмір беріледі. Егер бұрышқа бір ғимараттың екі теңмағыналық қасбеті шықса жүргіншіге қаланың орталығына бағытталған көше бойынша реттік нөмір беріледі. Егер ғимараттың бас қасбеті ауланың ішінде болса реттік нөмір ғимарат созылған бойы көше бойынша беріледі.
       31. Алаң периметрін құрайтын ғимараттарға реттік нөмір беру орталық жақтан бас магистральдан бастап сағат тілі бойынша жүргізіледі. Егер бұрыштағы ғимарат қасбетке ие болса және жанасқан көше бойымен ұзындығы едәуір болған жағдайда оны нөмірлеу алаң бойынша емес, көше бойынша жүргізіледі.
       32. Осы аумақта орналасқан ғимараттар, құрылыстарды нөмірлеуді жүзеге асыруға қатысты негізгі ғимарат жер учаскесінің аумағында анықталады. Негізгі ғимараттың реттік нөмірі көшелердің белгіленген жіктелуі ескеріліп анықталады.
       33. Жер учаскесінің аумағында орналасқан өзге де ғимараттарға, құрылыстарға, негізгі ғимараттың нөмірі және Ережелерге сәйкес корпустың немесе құрылымның қосымша нөмірі беріледі. "корпус" немесе "құрылым" көрсеткіштері қажет болған жағдайда ғимараттың орналасқан жер учаскесі аумағының функционалдық пайдалануын ескеріп, ғимараттардың функционалдық мақсатына және жақын орналасқан ғимараттарды нөмірлеуге байланысты анықталады.
       34. Ғимараттарды нөмірлеу бас ғимараттың орналасуын ескеріп, жер учаскесінің аумағына бас кіре берісінен басталады.
       35. Жеке немесе заңды тұлғаға меншік, жалдау немесе өзге де заттай құқығында тиесілі жер учаскесінде қосымша бір немесе бірнеше жылжымайтын мүлік объектілерін салған жағдайда корпустың немесе құрылымның қосымша нөмірін қоса әр объектіге реттік нөмір беріледі.
       36. Тізбектегі нөмірмен (объектілерді тұрғызу) нөмірленген екі ғимараттың, құрылымның арасында орналасқан ғимараттарды, құрылымдарды нөмірлеуді тиісті объектінің төменгі нөмірін осы Ережелерге сәйкес әріп немесе бөлшек қосып жүргізу керек.
       37. Дербес объектілердің (ғимараттар, құрылыстар) белгілері бар жапсаржай және қосып салынған объектілерге толық санға қосымша бөлшек арқылы негізгі ғимараттың нөміріне қосымша дербес реттік нөмір берілді.
       38. Қоршауларды, көпірлерді, қазылған шұңқырларды, құдықтарды, жертөлелерге, ауладағы тас жабындарды, жаяужолдарды және осылар тәріздес объектілерді есептемегенде, құрылыстардың ("негізгі құрылыс" болмаған жағдайда) реттік нөмірі "құрыл." Көрсеткіші мен құрылыс нөмірі қосылып беріледі.
       39. Игерілген, бірақ нөмірленбеген жер учаскелеріне аталған жер учаскесінің шегінде салынған ғимаратқа, құрылысқа нөмір беріледі.
       40. Жер учаскесіне бір жер учаскесінің аумағы шегінде бірнеше ғимараттар, құрылыстар, басқа да объектілер орналасқан жағдайда жер учаскесіне негізгі ғимараттың, құрылыстың нөмірі беріледі.
       41.Игерілмеген жер учаскесіне осы Ережелерге сәйкес қарапайым реттік нөмірі беріледі, бұл жағдайда мына талаптарды сақтау қажет: әрбір жер учаскесінің өзінің бірегей реттік нөмірі болуы қажет және жер учаскелеріне реттік нөмір жер учаскелерінің осы немесе басқа қала құрылысы бірлігіне (көше, даңғыл, алаңдар және тағы басқа) қатысты (жапсаржай) негізінде беріледі.
       42. Нөмірленген игерілмеген жер учаскесінің аумағынан жаңа ғимарат, құрылыс салғанда тұрғызылатын объектіге нөмірлеудің жалпы тәртібін сақтаған жағдайда аталған жер учаскесінің шартты реттік нөмірі беріледі, не болмаса осы Ережелердің талаптарын сақтай отырып, жеке жаңа нөмір беріледі.
       43. Қайта тұрғызылған ғимараттың (құрылыстың) реттік нөмірі және қолданыстағы объектілердің реттік нөміріне өзгерістер енгізу бөлшекті жоспарлау жобасы, облыстық ақпарат жүйесі және қалалық ақпарат жүйесі деректері негізінде сәулет органымен жүзеге асырылады.
       44. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерінің алынуына байланысты жүргізілетін қарқынды бұзу аумақтарында жобаланып жатқан ғимараттар мен құрылыстар үшін реттік нөмірлерді резервілеуге жол беріледі.

 5-тарау. Мекен-жай құрылымының стандарты

       45. Объектінің мекен-жай құрылымы мына талаптарға сай келуі тиіс:
      мекен-жай деректемелері жазудың қатаң белгіленген тізбектелуі бойынша (жалпыдан меншікке) көрсетіледі;
      "мекен-жай" терминінен соң ":" (қос нүкте) бөлушіден кейін көрсетілген деректемелерден құралған мәтін бөлігі объектінің мекен-жайы болып табылады;
      объектінің мекен-жайы мемлекеттік, орыс және (немесе) басқа тілдерде жазылады;
      объектінің мекен-жайын жазған кезде қала құрылысы элементінің санатын қысқартып жазуға болады:
      аудан - (ауд.);
      шағын аудан - (ш. ауд.);
      алаң - (ал.);
      тас жол - (тас.ж.);
      трасса - (тр.);
      даңғыл - (даңғ.);
      көше - (к-сі);
      желекжол - (жел.ж.);
      сая жол - (сая.ж.);
      өту жолы - (өту.ж.);
      қысқа көше - (қыс.к.);
      тұйық көше - (тұй.к.);
      объектінің мекен-жайы жазылғанда қала және әкімшілік ауданның атауы көрсетілген мекен-жайды толық мазмұндауға жол беріледі, сондай-ақ қысқартылған түрде: қала (қ.), аудан (ауд.) жазуға жол беріледі;
      мекен-жайды жазу кезінде қала құрылысы элементінің (шағын ауданы, алаңы, көшесі және тағы басқалар) бекітілген атауы толық көрсетілуі керек.
      Мысалы:
      мекен-жайы: Алматы облысы, Талдықорған қ-сы, А.Пушкин к-сі, 110, 51.;
      мекен-жайы: "Көктем" ш.ауд., 12, 32;
      мекен-жайы: Потанин к-сі, 31;
      мекен-жайы: "Юбилейный" ш. ауд., 3 б.
       46. Қаланың немесе басқа елді мекендердің бірнеше бөліктеріне қатысты бір объектіге бірнеше мекен-жайлар беруге жол берілмейді.

  6-тарау. Ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмір көрсеткіштерін, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткіштерін, көше атауларының бұрыштық көрсеткіштерін орнатуға қойылатын талаптар

 1. Жалпы талаптар

       47 . Ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері, көшелер мен шағын аудандардың атаулары үйлер қасбеттерінде мына тәртіппен орнатылады:
      1) жаңадан тұрғызылған ғимараттарды пайдалануға тапсыру кезінде:
      тапсырысшы облыстық ақпарат жүйесі және қалалық ақпарат жүйесі негізінде ғимаратқа (құрылысқа) реттік нөмір беретін сәулет органына өтініш білдіреді және мекен-жай беруге жататын объект географиялық бекітілген (ғимарат, құрылыс) даңғылдың, желек-жолдың, көшенің дұрыс атауын анықтайды;
      Сәулет органынан алынған мәліметтер негізінде тапсырысшы өз қаражаты есебінен алдын ала келісім бойынша сәулет органымен нобайдың жобалау құжаттамасының құрамына шағын ауданның және (немесе) көше көрсеткішін, ғимараттың (құрылыстың) реттік нөмірінің көрсеткіші ғимараттың (имараттың) реттік нөмірінің көрсеткішін, осы Ережелер талаптарына сәйкес көше, шағын аудандар атауларының көрсеткіштерін дайындау және орнату сәулет органы тілдерді дамыту органымен келісім бойынша жүргізіледі;
      2) ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлерінің, көшелер, шағын аудандардың атаулары өзгерген жағдайда ғимараттардың, құрылыстардың реттік нөмірлерінің тиісті көрсеткіштерін, көшелер, шағын аудандар атауларының көрсеткіштерін және өзге де көрсеткіштерін айырбастауды және орнатуды облыстық және қалалық "Мекен-жайлық тіркелім" ақпарат жүйесі мәліметтері негізінде сәулет органы жүргізеді.
       48.Ғимараттар, құрылыстардың, көшелер мен шағын аудандар атауларының реттік нөмірлерінің көрсеткіштерін орнату мемлекеттік бюджет қаражаттары, сондай-ақ және инвесторлар қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін.
       49. Қасбеттерінде көрсеткіштер орнатылған ғимараттарды (құрылыстарды) бұзғанда көрсеткіштің құны ғимаратты (құрылысты) бұзу жөніндегі шығындар құрамына енгізіледі және оның бастамасы бойынша бұзуға жататын ғимарат (құрылыс) белгіленген тәртіппен меншік иесіне (пайдаланушыға, баланс ұстаушыға және инвесторға) қайтарылады.
       50. Көрсеткіштер жол белгілері, сыртқы жарнама құралдары және олармен тұстамамен бірге бір тіреуішке орнатылмауы тиіс. Көрсеткіштерді бағдаршам тіреуішіне орнатуға жол беріледі.
       51. Көрсеткіштер тәулік уақытынан тәуелсіз ажыратылуы тиіс.

 2. Көше атауларының көрсеткіштері

       52. Көше атаулары көрсеткіштерінің мәтіндері Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңнамасы талаптарына сәйкес келуі керек.
       53. Көше атауларының көрсеткіштері жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, қиылысқа шығатын ғимарат немесе құрылыс бұрышынан 25-30 сантиметрге қашықтықта қиылыс жасайтын көшеге шығатын ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орналастырылады.
       54. Көше атауларының көрсеткіштері үлгілік нобайына тиісті магистральды жолдарға шығатын барлық ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орнатылады.

 3. Шағын аудандар атауларының көрсеткіштері

       55. Шағын аудандар атауларының көрсеткіштері шағын ауданға жататын және шағын аудандарды шектеп тұратын көше қиылыстарында (қиылыстарда) орналасқан ғимараттар мен құрылыстарға немесе шағын ауданды көшелермен және шағын ауданға шыға берістермен шектеу нәтижесінде пайда болған шартты қиылыстарға орнатылады.
       56. Шағын аудандар атауларының көрсеткіштері жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, қиылысқа шығатын ғимарат немесе құрылыс бұрышынан 25-30 сантиметр қашықтықта қиылыс немесе шартты қиылыс жасайтын көшеге шығатын ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орналастырылады.
       57. Шағын аудандар атауларының көрсеткіштері магистральды қозғалысы жылдам және реттелген жолдарға, шағын аудандар атаулары көрсеткіштерінің үлгілік нобайына тиісті жалпы қалалық және жалпы аудандық маңызы бар магистральды көшелерге шығатын барлық ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орнатылады.
       58. Ғимараттар немесе құрылыстар қасбеттерінде шағын аудандардың атауларының көрсеткіштері орнатылған болса, көше атауларының көрсеткіші белгіленбейді.

 4. Объектілердің реттік нөмірінің көрсеткіштері

       59. Ғимараттың, құрылыстың реттік нөмір көрсеткіші әрбір ғимараттың және құрылыстың қасбетіне көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен, жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, үй бұрышынан 25-30 сантиметр қашықтықта орналастырылады.
       60. Егер ғимарат, құрылыстың қасбетінде көше немесе шағын аудан атауының көрсеткіші, ғимарат, құрылыстың реттік нөмірінің көрсеткіші көше немесе шағын аудан атауының көрсеткішінен кейін көлденең осы бойынша орнатылады.
       61. Шағын аудандар мен кварталдар ішінде ғимараттар немесе құрылыстардың реттік нөмірінің көрсеткіштері ғимараттар немесе құрылыстардың реттік нөмірі көрсеткішінің үлгілік нобайына сәйкес жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, үй бұрышынан 25-30 сантиметр қашықтықта, кварталішілік жолға шығатын ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінің сол жағына орналастырылады.

 5. Көше атауларының бұрыштық көрсеткіштері

      62. Көше қиылыстарында (қиылыстарда) орналасқан көшелер (аншлагтар) атауларының бұрыштық көрсеткіштері көше қиылыстарында (тоғысуларда) орналастырылады және биіктігі 4 метрден аспайтын металл тіректерде орналастырылады.

 7-тарау. Қосымша талаптар

       63. Жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмір беру жөніндегі мәліметтер "Мекен-жайлық тіркелім" облыстық ақпарат жүйесі және қалалық ақпарат жүйесі мәліметтер базасында міндетті тіркелуге жатады.
       64. Реттік нөмірлер уақытша тұрғыдағы объектілерге, жеке тұлғаның меншігіндегі және (немесе) гараж кооперативтерінің, қоғамдардың, қалалардың және басқа елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым объектілерінің, бақ және саяжай учаскелерінің құрамына енетін шаруашылық жапсаржайларға, гараждарға берілмейді.
       65. Уақытша тұрғыдағы объектілердің жеке реттік нөмірі жоқ, бірақ анықтамамен жақын орналасқан объектінің тұрақты реттік нөмірімен олардың орналасқан жері нақтылануы мүмкін.
       66. Гараж кооперативтерінің, қоғамдардың, бақ және саяжай (бау) учаскелерінің құрамына енетін, тиісті бақ қоғамын құрайтын гараждардың орналасқан жерін анықтау осы кооперативтерді (қоғамды) басқару органының шешімімен белгіленеді, мұнда әрбір объектіге жеке реттік нөмір беріледі. Тиісті басқару органдары болмаған жағдайда жеке нөмірлерді беруді сәулет органдары жүзеге асырады.
       67. Ұйымдармен әзірлейтін және шығаратын объектілердің реттік нөмірлері туралы мәліметтерді құжаттарда толтырғанда жер учаскелерінің, ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлерін өз еркімен жазуға тыйым салынады.
       68. Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңнамасы және осы Ережелердің талаптары бұзылып ғимараттар мен құрылыстар қасбеттерінде орнатылған көрсеткіштер тапсырысшымен алынып тастауға жатады.
       69. (алынып тасталды - Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 шілдедегі N 142 қаулысымен)
       70. (алынып тасталды - Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 шілдедегі N 142 қаулысымен)
       71. (алынып тасталды - Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 шілдедегі N 142 қаулысымен)

 3-бөлім. Қала құрылысы элементтерінің атаулары немесе объектілердің реттік нөмірі өзгергеннен кейін құқығын куәландыратын және өзге де құжаттарға өзгерістер енгізу тәртібі

       72. Алматы облысының қалалық немесе аудандық мәслихаты мен әкімдігінің белгіленген тәртіпте жарияланған қала құрылысы элементтерін (көшелер, шағын аудандар және тағы басқаларын) қайта атау туралы бірлескен шешімі, сондай-ақ объектілердің реттік нөмірлерін өзгерту туралы сәулет органының шешімі жеке және заңды тұлғалардың оған тиесілі меншікке (шаруашылық жүргізуге, жедел басқару) құқығын куәландыратын құжаттарға, белгіленген тәртіпте өзге де құжаттарға өзгерістер енгізуге ынтагерлік білдіруіне негіз болып табылады.
       73. Құжаттарға аталған өзгерістерді енгізу тіркеу органында мүлікке қатысты қандай да мәмілелерді тіркеген сәтте жеке және заңды тұлғаның бастамасы бойынша жүзеге асырылады.

  4-бөлім. Қорытынды ережелер

       74. Осы Ережелер меншік нысанына және ведомстволық керек-жарағына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
       75. Осы Ережелерде қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады