Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабындағы 3-тармаққа сәйкес және Малыбай ауылы тұрғындарының, Еңбекшіқазақ ауданы өкілетті және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еңбекшіқазақ ауданының Малыбай ауылдық округі, өзінің жер пайдалану шекараларында құрылсын (орталығы - Малыбай ауылы) және осы ауданның Октябрь ауылдық округінің құрамынан шығарылсын.
2. Облыстық статистика басқармасы (Б. Төлепбаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірлігін есепке алу мен тіркеуге тиісті өзгертулер енгізсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Баталовқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. Үмбетов
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы К. Нүсіпов
Облыстық мәслихаттың
хатшысы А.Сыдық