Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2009.12.10 N 160 Шешімімен және Талдықорған қаласы әкімдігінің 2009.12.10 N 30-956 Қаулысымен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасының Жер кодексінің" 50-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармақтың13)-тармақшасына, 31-бабы 1-тармақтың 10)-тармақшасына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Талдықорған қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері 1, 2 гектар болып белгіленсін.
2. Бірлескен шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың "Әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтарын және қоршаған ортаны қорғау мәселесі жөніндегі" тұрақты комиссиясының төрағасы С.М. Жансеңгіровке және қала әкімінің бірінші орынбасары Т.Қ. Қайнарбековке жүктелсін.
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың
хатшысы М.Д. Бопазов
Қала әкімі С. Жылқайдаров