1992 жылы туылған азаматтарды 2009 жылы Талдықорған қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркеп жазуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 32 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының әділет басқармасында 2009 жылғы 13 қаңтарда N 2-1-92 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің 2009 жылғы 17 маусымдағы N 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің 17.06.2009 N 9 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағының, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысының негізінде қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1992 жылы туылған азаматтарды Талдықорған қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркеп жазу жұмысы қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасында жүргізілсін.
      2. Алынып тасталды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің 2009.03.10 N 6 Шешімімен.
      3. Алынып тасталды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің 2009.03.10 N 6 Шешімімен.
      4. Алынып тасталды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің 2009.03.10 N 6 Шешімімен.
       5. Талдықорған қаласы әкімінің 2008 жылғы 12 наурыздағы "1991 жылы туылған азаматтарды 2008 жылы Талдықорған қаласы қорғаныс істері жөніндегі Басқармасының шақыру учаскесіне тіркеп жазуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" N 10 (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 28 наурыздағы тіркелген нөмірі 2-1-74, "Талдықорған", газетінің 2008 жылғы 11 сәуірдегі 15-нөмірінде жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.
       6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қала әкімінің бірінші орынбасары Т.Қ. Қайнарбековке жүктелсін.
       7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Қала әкімі                                 С. Жылқайдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады