Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің 17.06.2009 N 9 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабының негізінде қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қаласы әкімінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы "1992 жылы туылған азаматтарды 2009 жылы Талдықорған қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркеп жазуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" N 32 шешіміне (Талдықорған қаласының әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 13 қаңтардағы тіркелген нөмірі N 2-1-92, "Талдықорған" газетінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы 3-нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2, 3, 4–тармақтар алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қала әкімінің бірінші орынбасары Т.Қ.Қайнарбековке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С. Жылқайдаров