Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді селолық округтері бойынша табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2008 жылғы 21 ақпандағы N 50-9 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2008 жылдың 18 наурызында N 2-2-61 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2011 жылғы 28 қарашадағы N 303-61 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      Ескерту. Шешімнің аталуындағы және мәтiнi бойынша "табысы аз отбасыларға (азаматтарға)" деген сөздер тиiстi жалғаулары ескерiле отырып "табысы аз отбасыларға (азаматтарға)" деген сөздермен ауыстырылды - Қапшағай қалалық мәслихатының 2009.03.26 № 134-24   шешімімен. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2011 жылғы 28 қарашадағы N 303-61 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-ші бабы, 2-ші тармағына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтер төлемақысына, Қапшағай қаласы және Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді селолық округтері бойынша табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қапшағай қалалық мәслихатының 2005 жылғы 29 наурыздағы № 116-20 «Қапшағай қаласы бойынша табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін бекіту туралы», Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2005 жылғы 25 сәуірде № 2-2-2 тіркелген («Қапшағай» газетінің 2005 жылғы 7 мамырдағы 1-ші нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Қазбекова З. И.

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ахметтаев Қ. Н.

                                           Қалалық мәслихаттың
                                          2008 жылғы «21» ақпан
                                          «Қапшағай қаласы және
                                         Заречный, Шеңгелді селолық
                                       округтері бойынша табысы аз
                                         отбасыларға (азаматтарға)
                                         тұрғын үй көмегін көрсету
                                       мөлшері және тәртібін бекіту
                                     туралы» № 50-9 шешіміне қосымша
 

Табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын
үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі

1. Негізгі ережелер

 
      1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
      
      2. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын табысы аз отбасыларға жергілікті бюджетттің есебінен ақшалай төлем түрінде беріледі.
      
      3. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлем шығындары тұрғын үй аумағының белгіленген әлеуметтік нормалары коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетінде оның жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалады.
      
      4. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтері) бар  табысы аз отбасылар (азаматтар) немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегі құқығынан айырылады.
      
      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің таңдауы бойынша жәрдемақыларды төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдармен жасалған агенттік келісім негізінде жүзеге асырылады.
      
      6. Телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатын, табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тарифтің көтерілуіне байланысты төленетін абоненттік төлем ақы - 2004 жылдың қыркүйек айына дейін қолданылып жүрген тариф пен көтерілген тариф арасындағы анықталған айырма ретінде белгіленетін ақшалай өтемақы - тарифтің көтерілу шығын орнын толтыру үшін көзделген коммуналдық қызмет көрсетуді тұтыну және тұрғын үйді ұстау төлемі жөнінде тұрғын үй көмегі құрамына кіретін ақшалай өтем болып табылады.

2. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      7. Тұрғын үй көмегінің мөлшері өтемақы төлемдерін қамтамасыз ететін нормалар шегінде және осы мақсаттарға рұқсат етілген шегінің деңгейі арасындағы тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді қолданғаны үшін меншік иесінің (жалдаушының) нақты төлемі мен отбасы шығындарының айырмасы ретінде есептеледі.
      
      8. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтер үшін нақты төленген сомадан аспауы тиіс.

      9. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет, байланыс шығымдарын өтеу ретінде беріледі.

3. Абаттандырылған және өздері от жағатын жеке
үйлерде тұратын табысы аз отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін беру тәртібі

      10. Тұрғын үй көмегі абаттандырылған және өздері от жағатын жеке үйлерде тұратын табысы аз отбасыларға (азаматтарға), сенім хаты бар жалдаушыға беріледі.

      11. Жеке үйде тұратын өздері от жағатын табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін есептегенде әлеуметтік норма бойынша көмір 3000 килограмнан аспауы керек.

      12. Көмірдің бағасын есептеу үшін, аумақтың тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ететін қала әкімдігі белгілейді.

      13. Тұрғын үйге барлық әлеуметтік нормадағы көмір шығыны көмір алу маусымдық болғандығына байланысты от жағу маусымында үш айға бір жолғы тұрғын үй көмегін есептеу ескерілсін.

      14. Жеке және абаттандырылған үйлерде тұратын отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындағанда, құжат тапсырған отбасының өткен тоқсандағы орташа кірісі есептелінеді.

      15. Электр энергиясына, газбен, сумен қамтамасыз етуге, күл-қоқысты шығаруға, алынған көмірдің мөлшері және бағасы көрсетілген түбіршектер бойынша құжаттарды тапсырған тоқсанның өткен айындағы шығындары көрсетіледі.

      16. Жеке қосалқы шаруашылықтың кірісі тоқсанына ауылдық жерлерде алты айлық, қалада бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептелінеді.

      17. Отбасы құрамына тұрғылықты жері бойынша тіркелген адамдар кіреді. Жиынтық табыс отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен-жайда тіркелген басқа адамдардың өткен тоқсандағы кірісін қосу арқылы есептелінеді.

      18. Бір тоқсанда бір жолғы табысы болса, жиынтық табысты есептегенде барлық табысты ай санына бөліп, шыққан табыс мөлшері үш айға көбейтіледі. Егер отбасының бір мүшесі тоқсанда толық жұмыс істемесе, онда отбасының жиынтық табысын анықтауда оның табысы осы тоқсанда жұмыс істеген уақытына есептелінеді.

      19. Тұрғын үй көмегін есептегенде абаттандырылған үйлерге Қапшағай қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 670 қаулысымен бекітілген келесі нормалар қолданылады:
      Жалғыз тұратын азаматтар үшін-30 шаршы метр;
      Отбасында 2 адамы барлар үшін-42 шаршы метр;
      Отбасы 3 және одан көп адамнан тұратындар үшін- әрқайсысына 18 шаршы метр, бірақ үйдің (пәтердің) жалпы ауданынан аспауы керек.
      Газ плита және орталық ыстық су бар кездегі сұйық газдың берілу нормасы әр отбасы мүшесіне 4,8 кг, бірақ 20 кг - нан аспау керек.
      электр энергиясын қолдану
      1 адамға - 45 квт;
      2 адамға - 90 квт;
      4 және одан көп адамнан тұратын отбасына -150 квт.
      Суық су және ыстық су әр отбасы мүшесіне, есептегіштің көрсеткіші болған жағдайда.
      Күл–қоқысты шығару әр отбасы мүшесіне.
      Ескерту. 19 тармаққа өзгерту енгізілді - Қапшағай қалалық мәслихатының 2009.03.26 № 134-24 шешімімен.

      20. Өздері от жағатын үйлерге тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қолданылады:
      Жалғыз тұратын азаматтар үшін-30 шаршы метр;
      Отбасында 2 адамы барлар үшін-42 шаршы метр;
      Отбасы 3 және одан көп адамнан тұратындар үшін- әрқайсысына 18 шаршы метр, бірақ үйдің (пәтердің) жалпы ауданынан аспауы керек;
      Сұйық газдың нормасы 1 кішкентай баллон.
      электр энергиясын қолдану:
      1 адамға - 45 квт;
      2 адамға - 90 квт;
      4 және одан көп адамнан тұратын отбасына -150 квт.
      Суық су және ыстық су әр отбасы мүшесіне;
      Күл–қоқысты шығару әр отбасы мүшесіне;
      Көмірдің нормасы от жағу мерзіміне әр отбасына 3000 килограмм.

4. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі

      21. Тұрғын үй көмегі бір тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін есептеу мерзімі өтініш иесі өтінішімен қоса барлық қажетті құжаттарды өткізген жылдың тоқсаны болып саналады.

      22. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет төлемдері бойынша берешектері бар табысы аз отбасыларына (азаматтарға), қарыздарына қарамастан, есепке тіркелген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй көмегі тағайындалады.

      23. Күтімге мұқтаж деп танылған бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтім жасайтын және жасы сексеннен асқан тұлғаларға күтім жасайтын немесе жұмыс істемейтін үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды, 55 жастан асқандарды, дәрігерлік-кеңес комиссиясының қорытынды анықтамасы бойынша жұмыстан босатылған, бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген, айналасындарға зиянды ауруы бар адамдарды есептемегенде, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту бөлімдерінде тіркелмеген еңбекке қабілетті тұлғалары бар отбасыларына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

      24. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын немесе қайта оқуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздар алты айға тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.

      25. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін, өтініш беруші өзінің немесе отбасы атынан «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» (ары қарай уәкілетті орган) немесе ауыл әкіміне қажетті құжаттар мен өтінішін ұсынады:
      1) жеке басының куәлігінің көшірмесі;
      2) әділет басқармасынан анықтама;
      3) тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат;
      4) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      5) отбасы мүшелерінің кірісі туралы мәлімет;
      6) коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртек көшірмелері;
      7) жеке меншік шаруашылықтары бар екендігі жайлы мәліметтер.

      26. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан да тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың мынадай түрлері есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
      2) он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      3) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс;
      4) өз бетінше жұмыс істейтін азаматтардың табысы туралы жазбаша өтініші;
      5) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
      6) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтың кірісі тоқсанына қалалық жерде тұратындарға - бес айлық есептік көрсеткіш, ауылдық жерлерде тұратындарға алты айлық көрсеткіш мөлшерінде есептелінеді;
      7) өзге де табыс.

      27. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) Тұрғын үй көмегі;
      3) Жерлеуге байланысты біржолғы жәрдемақы;
      4) Бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы;
      5) Ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
      6) Оқушыларды тегін тамақтандыру, «Жалпыға бірдей оқыту» қорынан беретін көмектер және азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына көрсетілген көмектер;
      7) Жеке ісін ашуға - қосалқы шаруашылықтарын дамытуға арналған материалдық көмектер.
      8) Төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулықтарына және дүние - мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек түрлері.

      28. Ауылдық округтер әкімдері өтініш берушілерден құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және он бес күн ішінде учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса уәкілетті органға жібереді.
      Ескерту. 28 тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қапшағай қалалық мәслихатының 2009.03.26 № 134-24 шешімімен.

      29. Уәкілетті орган өтініш берушілерден және әкімдерден қоса тіркелген құжаттармен және учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге өтініштер қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап отыз күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Ескерту. 29 тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қапшағай қалалық мәслихатының 2009.03.26 № 134-24 шешімімен.

      30. (алынып тасталды - Қапшағай қалалық мәслихатының 2009.03.26  № 134-24 шешімімен).

      31. (алынып тасталды - Қапшағай қалалық мәслихатының 2009.03.26  № 134-24 шешімімен).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады