Қапшағай қалалық мәслихатының 2008 жылғы 21 ақпандағы «Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді селолық округтері бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібін бекіту туралы» № 50-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2009 жылғы 26 наурыздағы N 134-24 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2009 жылдың 4 мамырында N 2-2-82 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2011 жылғы 28 қарашадағы N 303-61 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2011 жылғы 28 қарашадағы N 303-61 шешімімен.
      
      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28 бабына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      
      1. «Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді селолық округтері бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібін бекіту туралы» Қапшағай қалалық мәслихатының 2008 жылғы 21 ақпандағы № 50-9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 18 наурызда № 2-2-61 тіркелген, «Қапшағай» газетінің 2008 жылғы 19 наурызындағы № 11 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      
      1) Шешімнің аталуындағы және мәтіндегі «аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)» деген сөздері «табысы аз отбасыларға (азаматтарға)» деген сөздермен.
      
      2) Аталған шешімнің қосымшасындағы:
      
      19 тармағындағы: «Тұрғын үй көмегін есептегенде абаттандырылған үйлерге келесі нормалар қолданылады» деген жолдар «Тұрғын үй көмегін есептегенде абаттандырылған үйлерге Қапшағай қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 670 қаулысымен бекітілген келесі нормалар қолданылады» деген редакцияда;
      
      28 тармағындағы: «Ауылдық округтер әкімдері өтініш берушілерден құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және он күн ішінде учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса уәкілетті органға жібереді» деген жолдар «Ауылдық округтер әкімдері өтініш берушілерден құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және он бес күн ішінде учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса уәкілетті органға жібереді» деген редакцияда;
      
      29 тармағындағы: «Уәкілетті орган өтініш берушілерден және әкімдерден қоса тіркелген құжаттармен және учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге өтініштер қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап он күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды» деген жолдар «Уәкілетті орган өтініш берушілерден және әкімдерден қоса тіркелген құжаттармен және учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге өтініштер қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап отыз күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды» деген редакцияда баяндалсын;
      
      осы шешімнің 30,31 тармағы алып тасталсын.
      
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Ахметтаев Қ. Н.
      
      Қалалық мәслихаттың хатшысы                Ахметтаев Қ. Н.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады