Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2009.03.26 N 137-24 шешімімен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қапшағай қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мәдениет қызметкерлеріне отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есеп көрсеткіштері мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
2.Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат Қалалық мәслихаттың
сессиясының төрағасы хатшысы
Василий Васильевич Қайрат Нұраханұлы
Казначеев Ахметтаев