Ескерту. Күші жойылды - Қапшағай қалалық мәслихатының 2009 жылғы 17 маусымдағы N 151-27 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызметін Қапшағай аумағында жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін тіркелген бірыңғай салық ставкалары 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Қапшағай қалалық мәслихатының 2009.02.18 № 132-23 шешімімен.
Қалалық Мәслихат
сессиясының төрағасы Василий Васильевич Казначеев
Қалалық Мәслихаттың
хатшысы Қайрат Нұраханұлы Ахметтаев
"Тіркелген салық ставкаларын
бекіту туралы" Қапшағай қалалық
мәслихатының 2008 жылғы 19
желтоқсандағы № 119-20
шешімімен бекітілген қосымша
Рет № |
Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
4 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
6 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
2 |
4 |
Ойын жолы |
25 |
5 |
Карт |
5 |
6 |
Бильярд үстелі |
12 |