Ескерту. Күші жойылды - Қапшағай қалалық мәслихатының 2009 жылғы 17 маусымдағы N 151-27 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қапшағай қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы «Тіркелген бірыңғай салық ставкаларын бекіту туралы» № 119-20 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 08 қаңтарда № 2-2-73 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2009 жылғы 08 қаңтардағы № 1(13) санында жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
1. Шешімнің 2 тармағындағы «Осы шешім 2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі және ресми жарияланады» деген жолдар «Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі» деген редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы Б. Мыңбаев
Қалалық мәслихаттың
хатшысы Қ. Ахметтаев
"Тіркелген салық ставкаларын
бекіту туралы" Қапшағай
қалалық мәслихатының 2009 жылғы
18 ақпандағы № 132-23 шешімімен
бекітілген қосымша
Рет № |
Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
4 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
6 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
2 |
4 |
Ойын жолы |
25 |
5 |
Карт |
5 |
6 |
Бильярд үстелі |
12 |