Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2011.07.15 N 34-268 Шешімімен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Текелі қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2009.06.01 N 12-107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
2. Текелі қалалық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2005 жылғы 15 маусымдағы N 7-81 (2005 жылғы 1 шілдедегі "Текелийский рабочий" газетінің 26 нөмірінде жарияланған, 2005 жылы 24 маусымда 2-3-5 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) шешімі жойылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
Мәслихат хатшысы Н. Калиновский
Текелі қалалық мәслихатының
2008 жылғы "31" қаңтарындағы
"Текелі қаласы бойынша табысы
аз отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен тәртібі туралы"
N 3-27 шешіміне
қосымша
Текелі қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
1. Жалпы ережелері
1. Осы тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі (әрі қарай – тәртібі) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі "Телефонға төленетін абоненттік тарифтердің көтерілуіне жәрдемақы төлеу мәселелері туралы" N 949 қаулысына сәйкес әзірленген және тұрғын үй көмегінің мөлшері мен беру тәртібін анықтайды.
Пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
а) уәкілетті орган – қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып саналады;
б) учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін алуға өтініш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды дайындау үшін әкімінің өкімімен құрылатын комиссия".
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2009.06.01 N 12-107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
2. Тұрғын үй көмегі осы мекенде тіркелген, тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе (жалдаушысы) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
1) Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары тұрғын үй аумағының белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 проценттік үлесінен асқан жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалады.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2009.06.01 N 12-107; (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
3. Телекоммуникация жүйесінің абоненттері болып, саналатын, әлеуметтік қорғауға жататын азаматтарға телефонға төленетін абонеттік тарифтердің көтерілуіне жәрдемақы – ақшалай төлемақы тұрғын үй көмегінің ішіне кіреді. Телефонға төленетін абоненттерге төлемақы оның тарифтік көлемі артқанда тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтеріне кеткен шығынды қоса есептегендегі айырмашылығы төленеді.
4. Белгіленген нормадан артық тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтердің тұтыну төлемін азаматтар жалпы негіздер бойынша төлейді.
Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үй пәтері барлар (пәтерлер, үйлер) немесе тұрғын үйді, пәтерді жалға беруші тұрмысы төмен отбасылары (азаматтар) тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Тұрғын үй көмегін алуға құқығы өтініш иесі қажетті құжаттарын тапсырған жылдың тоқсанынан басталады. Тұрғын үй көмегі өткен тоқсанға төленеді.
Уәкілетті орган құжаттарды қабылдап алғаннан кейін қажеттілігіне қарай тұрғын үй көмегін алуға өтініш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды дайындау үшін күнтізбелік бес күн ішінде учаскелік комиссияларға тапсырады. Учаскелік комиссия жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша өтініш берушілердің құжаттарын отбасына тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындамау жайлы ұсынысымен құжаттарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға қайтарады.
Құжаттарды қабылдап алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы уәкілетті органның бастығының немесе оның міндетін атқарушы адамның қол қойған шешімі қабылданады. Өтініш иесі уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда жоғарғы тұрған уәкілетті органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2009.06.01 N 12-107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
5. Тұрғын үй көмегін алушы аз қамтылған отбасылар (азаматтар) комиссияның әрекеттері мен шешімдеріне Алматы облысы әкімінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, жоғары тұрған органдарға шағым беруге құқылы. Учаскелiк комиссия жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша отбасының материалдық жағдайының кесімін жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе кенттің әкiмiне ұсынады.
2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
1. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төленген нақты сомадан аспауы тиіс.
2. Тұрғын үй көмегінің мөлшері телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуы және меншік иесінің (жалдаушының) тұрғын үйді ұстауға және өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етілген нормалар шегінде коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған нақты төлемнің және осы мақсаттарға арналған отбасы шығындары рұқсат етілген деңгейінің айырмасы болып есептеледі.
3. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерінің шығындарын өтеуге беріледі.
3. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
4. Тұрғын үй көмегі бір тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін есептеу мерзімі өтініш иесі өтінішімен қоса барлық қажетті құжаттарды өткізген жылдың тоқсаны болып саналады.
Тұрғын үй көмегін алуға өтініш білдірген отбасылардың (азаматтардың) өтініштерін қарау мерзімі Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының 8-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес, өтінішті қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органмен қаралады және ол бойынша шешім қабылданады; өтінішті қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілетін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші субъектіге, лауазымды тұлғаға келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органмен қаралады және ол бойынша шешім қабылданады.
Ескерту. 4-тармаққа толықтыру енгізілді - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2009.06.01 N 12-107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
5. Тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдері бойынша қарыздары бар тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі жалпы негізде беріледі.
6. Тұрғындық көмек тұрғын үй иесінің (жалдаушысының) өтініші мен қосымша құжаттардың негізінде тағайындалады:
1) жеке куәлігі (жылына бір рет келесі жылдық қайта аттестаттау немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
2) жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу басқармасынан жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екендігі туралы анықтама (жылына бір рет);
3) тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (жылына бір рет келесі жылдық қайта аттестаттау немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда) немесе жеке меншікке алу шарты, сыйға беру шарты, сатып алу шарты, жал шарты (жалдау);
4) азаматтарды тіркеу кітабы (тоқсанда бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда);
5) отбасының барлық мүшелерінің табысы туралы анықтама (өткен тоқсанға);
6) коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртек (өткен тоқсанға);
7) жеке меншік шаруашылығының болуы жәйлы мәліметтер (тоқсанына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда);
8. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішінде бірінші, екінші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, бір айға жуық станционарда емделсе, өзін қоршаған адамдарға қауіп төндіретін әлеуметтік мәні бар аурумен ауырып, стационарда немесе амбулаторияда ұзақ уақыт емделсе, басқаның күтімін керек ететін сексен жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар және үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар кірмейді. Жедел қызметтегі әскери қызметшілер отбасы құрамына саналмайды.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2009.06.01 N 12-107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
9. Бір айға бір отбасына тұрғын үй көмегін есептегенде келесі мөлшерлер қабылданады:
1) электр жүйесін қолдану: бір адамға - 45 киловатт, екі адамға - 90 киловатт, төрт адам және одан артық болса - 150 киловатт;
2) сумен қамтамасыз ету мөлшерлері (метр куб):
есептеу құралдары болғанда ыстық су - 3,5;
есептеу құралдары болмағанда ыстық су - 3,45;
көшедегі су колонкаларынан - 1,22;
ауладағы су колонкаларынан - 3,65;
су құбырымен және канализациямен жабдықталған, бірақ ваннасы жоқ тұрғын үйлер - 4,56;
су құбырымен, канализациямен және ваннамен жабдықталған тұрғын үйлер - 6,54;
ыстық сумен жабдықталған канализация - 10,04;
ыстық сумен жабдықталмаған канализация - 6,54;
ваннасыз және ыстық сусыз канализация - 4,56;
ыстық сумен жабдықталған канализация, бірақ ваннасы жоқ - 7,12;
3) қатты отынды қолданылатындарға:
пеш жағатын тұрғын үйлерге - жылту мерзіміне 3 тонна көмір;
4) газ тұтыну - 10 килограмм (1 кішкене баллон);
5) ай сайын қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару (метр куб): бір адамға - 0,1 м.куб.
10. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге қажетті шығындардың ұқсатылған шегінің үлесі, отбасы кірісі, сонымен қатар тұрғын үй коммуналдық қызметтерді төлеу (тарифтері) өзгерген жағдайда комиссия алдында тағайындалған тұрғын үй көмегін қайта есептейді.
11. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептiк кезеңде алынған табыстың мынадай түрлерi есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
2) он сегіз жасқа дейiнгi балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
5) жеке қосалқы шаруашылықтан, үй жанындағы учаскесінен түсетін кіріс (бес айлық есептік көрсеткіші).
Саналмайтын отбасының жиынтық табыстары:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2) тұрғын үй көмегі;
3) жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;
4) бала тууына байланысты мемлекеттік біржолғы жәрдемақы;
5) ақшалай немесе басқа да қайырымдылық көмек (тұрақты бағасы);
6) мектеп оқушыларына "Жалпы оқу" қорынан көрсетілетін ыстық тамақтың бағасы және көмегі, азық-түлік бағасының көтерілуіне байланысты аз қамтылған азаматтарға ақшалай немесе заттай көрсетілетін көмегі.
7) өз ісін ашуға немесе қосалқы шарушылығын дамытуға берілген материалдық көмек. Өз ісін ашуға немесе қосалқы шарушылығын дамытуға берілген материалдық көмек дұрыс мақсатта пайдаланылмағаны анықталған кезден сол тоқсандағы жиынтық табысы көрсетілген көмектің сомасынан есептелінеді.
8) төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген залалдың есесін қайтаруға көрсетілген көмек.
12. Тұрғын үй көмегін алушы азаматтар үй меншігі түрінің, отбасы құрамының, оның мәртебесінің және жиынтық кірісінің кез-келген өзгерістері туралы уәкілетті органға 10 күн ішінде хабарлауға тиісті.
Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпаратты тиісті орындардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар. Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті.
Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін меншік үйдің иесі (немесе жалгерлер) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен.
13. Тұрғын үй көмегі төмендегі жағдайларда тоқтатылады: отбасының мекен жайының, құрамының және де кірісінің өзгеруі, оның тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырады.
4. Тұрғын үй көмегін төлеу
14. Тұрғын үй көмегін төлеу Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен екінші деңгейдегі банк филиалдары немесе осы операцияларды асыруға лицензиялары бар басқа да ұйымдар арасында жасалған агенттік келісім негізінде көмек алушылардың дербес есеп шоттарына есептелген сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.