Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 20.12.2013 N 25-162 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Текелі қалалық мәслихатының "Текелі қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" 2008 жылғы 31 қаңтардағы N 3-27 (2008 жылғы 14 наурыздағы "Текелийский рабочий" газетінің 11 нөмірінде жарияланған, 2008 жылғы 5 наурызда 2-3-42 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 28 мамырда N 4-51 шешімімен өзгерістер енгізілген, 2008 жылғы 6 маусымдағы "Текелийский рабочий" газетінің 23 нөмірінде жарияланған, 2008 жылғы 4 маусымда 2-3-49 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Шешімнің негізгі бөлімінің 1-тарауында "мөлшері мен тәртібі" сөздерінен кейін "қосымшасына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын.
2) 1-тараудың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі (әрі қарай – тәртібі) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі "Телефонға төленетін абоненттік тарифтердің көтерілуіне жәрдемақы төлеу мәселелері туралы" N 949 қаулысына сәйкес әзірленген және тұрғын үй көмегінің мөлшері мен беру тәртібін анықтайды.
Пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
а) уәкілетті орган – қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып саналады;
б) учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін алуға өтініш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды дайындау үшін әкімінің өкімімен құрылатын комиссия".
3) 1-тараудың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй көмегі осы мекенде тіркелген, тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе жалдаушысы болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады".
4) 1-тараудың 4-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті орган құжаттарды қабылдап алғаннан кейін қажеттілігіне қарай тұрғын үй көмегін алуға өтініш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды дайындау үшін күнтізбелік бес күн ішінде учаскелік комиссияларға тапсырады. Учаскелік комиссия жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша өтініш берушілердің құжаттарын отбасына тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындамау жайлы ұсынысымен құжаттарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға қайтарады.
Құжаттарды қабылдап алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы уәкілетті органның бастығының немесе оның міндетін атқарушы адамның қол қойған шешімі қабылданады. Өтініш иесі уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда жоғарғы тұрған уәкілетті органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануға құқылы".
5) 3-тараудың 4-тармағы екінші абзацымен толықтырылсын:
"Тұрғын үй көмегін алуға өтініш білдірген отбасылардың (азаматтардың) өтініштерін қарау мерзімі Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының 8-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес, өтінішті қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органмен қаралады және ол бойынша шешім қабылданады; өтінішті қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілетін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші субъектіге, лауазымды тұлғаға келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органмен қаралады және ол бойынша шешім қабылданады".
6) 3-тараудың 8-тармағындағы "күтетін 55 жасқа толған азаматтар" деген сөздер "күтетіндер" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қалалық
мәслихатының IV шақырылымындағы
кезекті ХІІІ сессиясының
төрағасы, мәслихат хатшысы Н. Калиновский