РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес, Текелі қаласының халқының пiкiрiн ескере отырып, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Красина көшесі Айдар би көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі Сессияның төрағасы,
Мәслихат хатшысы
С. Бескемпіров Н. Калиновский