Алакөл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2008 жылғы 18 сәуірдегі N 6-2 шешімі. Алматы облысы әділет департаменті Алакөл ауданының әділет басқармасында 2008 жылы 6 мамырда N 2-5-60 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 13-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 13-8 шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Алакөл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен отын сатып алуға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек төленсін.
       2. Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі әлеуметтік көмектің аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
       3. Аудандағы денсаулық сақтау мекемелері, аудандық әкімдік, білім беру бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, дене тәрбиесі және спорт бөлімі қызметкерлердің жеке куәлігінің нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі банктегі есепшоттың нөмірі қоса көрсетілген тізімдерін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылуын қамтамасыз етсін.
       4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қаржының шегінде әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.
       5. Алакөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 4 мамырдағы Алакөл аудандық әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 18 маусым 2007 жылы N 2-5-47 болып тіркелген N 55-2 шешімі. Алакөл аудандық мәслихаттың осы 18 сәуір 2008 жылы қабылданған N 6-2 шешімімен күші жойылсын.
       6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
       7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Д. Меңлібаеваға және аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Б.Атанбековке жүктелсін.

      Сессия төрағасы:                           Е. Жуанышбаев

      Аудандық мәслихат
      хатшысы:                                   Б.Т. Сеирбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады