Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 13-5 шешімі. Алматы облысының әділет департаменті Алакөл ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 20 қаңтарда N 2-5-68 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 маусымдағы N 20-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 маусымдағы N 20-1 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 11 тармақшасына, сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       1. Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін;
       2. Қазақстан Республикасы "Тұрғын үй коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылға арналған бағаны бекіту туралы" 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 Үкімет қаулысының қолданыс мерзімінің бітуіне байланысты Алакөл аудандық мәслихатының 15 қазан 2008 жылғы "Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы бекіту туралы" Алакөл аудандық әділет басқармасында 2008 жылы 24 қазанда N 2-5-65 болып тіркелген ("Алакөл" газетінің 8 қараша 2008 жылғы N 43(7327) нөмірінде жарияланған) шешімнің күші жойылсын.
       3.Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Т.Ш. Ахметов

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Б.Т.Сейрбаев

"Өздері жылытатын үйде тұратын
тұрмысы төмен отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсету тәртібі мен мөлшерін
белгілеу туралы" Алакөл аудандық
мәслихатының 2008 жылғы
19 желтоқсандағы N 13-5 шешіміне
қосымша

Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері
1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
       2. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына жергілікті бюджетінің есебінен ақшалай төлем ретінде жүзеге асырылады.
       3. Тұрғын үй көмегін алуға тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда құқығы бар.
      Отбасының жиынтық табысының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда тағайындалады.
       4.Тұрғын үй көмегінің мөлшері үй иесінің (жалгерлік) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
       5. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйін жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
       6. Тұрғын үй көмегін алу құқығы алушы өтінішін қажетті құжаттармен тапсырған айдан басталады. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанның соңғы айында төленеді.
       7. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң таңдауы бойынша жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдармен жасалған Агенттік келісім негізінде жүзеге асырады.
       8. Қалалық телекоммуникациялар желiсiнiң абоненттерi болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттік ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу (бұдан әрi-телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу)-коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөнiндегi тұрғын үй көмегiнiң құрамына кiретiн, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылу шығындарын өтеуге арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретiнде белгіленетін ақшалай өтемақы.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі

      9. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және "Аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішіне 55 жасқа толғандар, 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, басқаның күтімін керек ететін 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар және 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар, сондай-ақ бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық емдеуде жүрген адамдар, әлеуметтік тұрғыдан маңызды немесе айналасындағы адамдарға қатер төндіретін ауруы бар ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген азаматтарды бағып-күтумен айналысатын азаматтар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
       10. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
       11. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
       12. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылары оны рәсімдеу үшін өтінішімен қоса уәкілетті органға немесе кенттік, ауылдық округтің әкіміне төмендегі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басының куәлігі (жылына бір рет келесі жылдық қайта аттестаттау немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
      2) қозғалмайтын мүлікті бағалау және тіркеу басқармасынан жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама, жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда;
      3) тұрғын үй құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жылына бір рет) немесе жекешелендіру, сыйға тарту, сату-сатып алу, жалға беру келісім-шарты, сенімхат;
      4) азаматтарды тіркеу кітабы (жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда) немесе тұрғылықты жерінен анықтама (тоқсан сайын);
      5) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы анықтама (өткен тоқсанға);
      6) коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртек (өткен айға, тоқсан сайын), егер де газ және көмір бойынша коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртегі болмаған жағдайда, аудан әкімдігі бекіткен тұрғын үй көмегін есептеудегі нормалар алынады;
      7) жеке меншік шаруашылықтары бар екендігі жайлы мәліметтер (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда).
       13. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептiк кезеңде алынған табыстың мынадай түрлерi есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
      2) он сегіз жасқа дейiнгi балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтың кірісін есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 қаулысымен бекітілген "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесінің" 7 бөліміне сәйкес жүргізіледі;
      5) өзге де табыс, өтініш берушінің өтініші бойынша.
      Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      2) тұрғын үй көмегi;
      3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      5) ақшалай және заттай түрдегi (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек.
      6) оқушыларды тегін тамақтандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан берілетін көмектер және азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты әлеуметтік әлжуаз топтарға көрсетілген көмектер;
      7) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
      Егер жеке iсiн ашуға немесе жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса осы факті анықталған тоқсандағы, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
      8) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек;
       14. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi құжаттарды қабылдап алғаннан кейiн, қажеттiлiгiне қарай учаскелiк комиссияға тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргiзудi жазбаша тапсырады.
       15. Учаскелiк комиссия жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмiне ұсынады.
       16. Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi өтiнiш берушiлердiң құжаттарын өтiнiш берушiден құжаттар қабылданған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға тапсырады.
       17. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган отбасына түбіртек-ескерту береді, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі және қайта аттестаттаудан өтетін күні белгіленеді. Түбіртек-ескертуге отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
       18. Қалалық, кенттік, ауылдық округтердегі учаскелік комиссиялардың қорытынды актісі басшылыққа алынып, қабылданған шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.
       19. Тұрғын үй көмегін алушылар уәкілетті органға 15 күн ішінде отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
       20. Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпаратты тиісті орындардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.
       Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін меншік үйдің иесі (немесе жалгерлер) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда-сот тәртібімен.

3. Тұрғын үй көмегін есептеудегі нормалар

      21. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1)газ тұтыну-1 айға 1 кішкене баллон;
      2)электр жүйесін қолдану;
      1 адамға – 45 киловатт;
      2 адамға -90 киловатт;
      3 адамға -135 киловатт;
      4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 150 киловатт.
      3) сумен, газбен және көмірмен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады.
      4) бір жылға 5 тонна көмір.
       22. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін аудан әкімі бекітеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады