Алакөл ауданы мәслихатының "Аудан көлемінде автотұрақтар, автокөліктерге май құю станциялары орналасқан жер учаскелеріне 2009 жылы салынатын салық ставкалары мөлшері туралы"

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 13-2 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 қаңтарда N 2-5-69 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 наурыздағы N 16-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2009.03.20 N 16-1 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 10 желтоқсан 2008 жылғы N 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заңға, Салық Кодексінің 381 бабына, 386 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       1. Аудандағы елді мекендерде автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары орналасқан жерлеріне 2009 жылы салынатын салық ставкалары алаңның бір шаршы метріне шаққанда:
      Салық төленетін аумақ Базалық ставка өсу мөлшері:
      1. Автомобильге май құю станциялары 5,79 10 есе 57 т. 90 т;
      2. Автотұрақтар 5,79 10 есе 57 т.90 т;
      3. Үшарал қаласы 5,79 50 % 8 т.68 т;
      Достық кенті 0,96 50 % 1 т.44 т;
      4. Ауылдық округтер 0,48 40 % 0 т.64 т.
       2. Аудандық мәслихаттың 30 қазан 2007 жылы қабылданған, Әділет басқармасында 14 қараша 2007 жылы N 2-5-50 болып тіркелген N 2-11 шешімнің күші жойылсын.
       3.Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілсін.

      Сессия төрағасы:                           Т.Ш.Ахметов

      Аудандық мәслихат
      хатшысы:                                   Б.Т.Сейрбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады