Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш ауданы әкімінің 2009.12.10 N 12-13 шешімімен және Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2009.12.01 N 25-128 шешімімен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару" Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасында, 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Балқаш ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің жеке меншікте болу ең аз мөлшері ауданымыздағы бір жан басына берілу нормасына сәйкес, барлығы 3 га жер, оның ішінде суармалы егістік 3 га болып белгіленсін.
2. Бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Агроөнеркәсіптік шағын, және орта кәсіпкерлікті дамыту, экология жөніндегі" тұрақты комиссияның төрағасы М. Ноғайбайға және аудан әкімінің бірінші орынбасары М. Қамаубаевқа жүктелсін.
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Балқаш ауданының мәслихат Балқаш ауданының
хатшысы әкімі
Қ.Ақылбеков Е.Қошанбаев