Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 21.12.2013 N 25-8 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 53-бабы 2-тармағы 2-тармақшасына сәйкес және Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2008 жылғы 18-сәуірдегі N 7-1/506 хатының негізінде, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауылдық елді мекендерде:
- тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін;
- жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек төленсін.
2. Әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз ету аудандық қаржы бөліміне тапсырылсын.
3. Әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз ету аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, білім, мәдениет және ұлтаралық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссиясына және аудан әкімінің орынбасары М. Т. Бекетаевқа жүктелсін.
Аудандық мәслихаттың
3-сессиясының төрағасы Ы. Салманов
Аудандық мәслихат
хатшысы Ә. Талқанбаев