РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 15 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына, 108 бабының 5 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңындағы 6 баптың 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ескелді ауданы Қарабұлақ кенттік округінің шекарасына "Хильниченко және К" сенім серіктестігінің 7 га суармалы егістік жер учаскесі енгізілсін.
2. Қарабұлақ кенттік округінің шекарасы N 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Алпысбаевқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрағасы Төлегенов Ербол Мұратжанұлы
Ескелді ауданы
мәслихатының хатшысы Тастанбаев Қалабек Тастанбайұлы