РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабындағы 4 тармағын басшылыққа алып, Жалғызағаш ауылының тұрғындарының пікірлерін және Ескелді аудандық ономастика қеңесінің келісімін ескере отырып Жалғызағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ескелді ауданы, Жалғызағаш ауылдық округіне қарасты Жалғызағаш ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
1) Октябрьская көшесі Ғали Орманов көшесі деп ауыстырылсын;
2) Садовая көшесі Қайрат Рысқұлбеков кешесі деп ауыстырылсын.
2.0сы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Жалғызағаш ауылдық
округінің әкімі И. Қоқанов