Примечание РЦПИ:
В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабындағы 4-тармағын басшылыққа алып, Көкжазық ауылының тұрғындарының пікірін және Ескелді аудандық ономастика кеңесінің келісімін ескере отырып ауыл әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ескелді ауданы, Көкжазық ауылдық округіне қарасты, Көкжазық ауылындағы төмендегі көшенің атауы өзгертілсін:
1) Ескелді ауданы, Көкжазық ауылы, Амангелді көшесі Ләззат Асанова деп ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Көкжазық ауылдық
округінің әкімі С.Ж. Талдыбаев