Алматы облысы, Ескелді ауданы, Сырымбет ауылдық округіне қарасты Сырымбет ауылындағы кейбір көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Ескелді ауданы Сырымбет ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 23 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ескелді ауданының Әділет басқармасында 2008 жылы 30 шілдеде N 2-9-64 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабындағы 4-тармағын басшылыққа алып, Ескелді ауданы, Сырымбет ауылдық округіне қарасты Сырымбет ауылының тұрғындарының пікірлерін және Ескелді аудандық ономастика қеңесінің келісімін ескере отырып Сырымбет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       1. Ескелді ауданы, Сырымбет ауылдық округіне қарасты Сырымбет ауылындағы төмендегі көшелердің атаулары өзгертілсін:
      1) Подгорная көшесі Сарноқай деп ауыстырылсын;
      2) Молодежная көшесі Жастар көшесі деп ауыстырылсын;
      3) Школьная көшесі Жұматай Жақыпбаев көшесі деп ауыстырылсын;
      4) Горная көшесі Алатау көшесі деп ауыстырылсын;
      5) Юбилейная көшесі Жетісу көшесі деп ауыстырылсын;
      6) Больничная көшесі Жеңіс көшесі деп ауыстырылсын;
      7) 8 Март көшесі Наурыз көшесі деп ауыстырылсын;
      8) Текелийская көшесі Тәуелсіздік көшесі деп ауыстырылсын;
      9) Интернациональная көшесі Достық көшесі деп ауыстырылсын;
      10) Садовая көшесі Желдісай кешесі деп ауыстырылсын.
       2. 0сы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

       Сырымбет ауылдық
      округінің әкімі                            Қ.М. Әшімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады