РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабындағы 4-тармағын басшылыққа алып, Ескелді ауданы, Төлеңгіт ауылдық округіне қарасты Жетісу, Екпінді және Жеңдік ауылдарының тұрғындарының пікірлерін және Ескелді аудандық ономастика кеңесінің келісімін ескере отырып Төлеңгіт ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ескелді ауданы, Төлеңгіт ауылдық округіне қарасты Жетісу, Екпінді және Жеңдік ауылдарындағы төмендегі көшелердің атаулары өзгертілсін:
1) Ескелді ауданы, Жетісу ауылындағы Ленин көшесі Бауыржан Момышұлы көшесі деп ауыстырылсын;
2) Ескелді ауданы, Жетісу ауылындағы Дзержинский көшесі Мұқан Толебаев көшесі деп ауыстырылсын;
3) Ескелді ауданы, Жетісу ауылындағы Большевик көшесі Исаев Байбатыр көшесі деп ауыстырылсын;
4) Ескелді ауданы, Жетісу ауылындағы Казарма көшесі Зейнеп Қойшыбаева көшесі деп ауыстырылсын;
5) Ескелді ауданы, Екпінді аулындағы N 1 көшесі Ескелді би көшесі деп аталынсын;
6) Ескелді ауданы, Екпінді ауылындағы N 2 көшесі Бақтыбай Жолбарысұлы көшесі деп аталынсын;
7) Ескелді ауданы, Екпінді ауылындағы N 3 көшесі Қаблиса Жырау көшесі деп аталынсын;
8) Ескелді ауданы, Екпінді ауылындағы N 4 көшесі Дәнеш Рақышев көшесі деп аталынсын;
9) Ескелді ауданы, Жеңдік ауылындағы N 1 көшесі Қаратал көшесі деп аталынсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Төлеңгіт ауылдық
округінің әкімі Қ.Н. Сатанов